Жаңа аула ашылды

Жаңа аула ашылды

Астанада 2 шілде күні Байқоңыр ауданында тағы бір абаттандырылған аула пайдалануға берілді. Абай даңғылы, 49 және 51 мекенжайларындағы жалпы аумағы 5 000 шаршы метрді құрайтын аула «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылды. Жоба аясында тұрғындардың жайлы демалысы мен белсенді бос уақытын өткізуіне арналған заманауи кеңістік қалыптастырылды.

Абаттандыру барысында 2 000 шаршы метрден астам аумаққа асфальт, 1 500 шаршы метр жерге кеспетас төселіп, 1 200 шаршы метр аумаққа қауіпсіз тартан жабыны орнатылды. Балалар үшін 2 ойын кешені мен 12 ойын элементі, спорт сүйер тұрғындарға арналған workout алаңы және 7 тренажер қойылды. Сонымен қатар аумақта футбол алаңы салынып, тұрғындардың тынығуына арналған 3 демалыс аймағы жасақталды.

Жаңа ауланың ашылуы кезінде аула тұрғындары да өз әсерімен бөлісі. Сөз кезегін алған «Байқоңыр» ауданының әкімі Рахманберді Талғат Абайұлы тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Құрметті аудан тұрғындары! Бүгін, Қала күні қарсаңында, баршаңызды жаңа ауланың ашылуымен шын жүректен құттықтаймыз! Жазғы демалыс басталғанға дейін жұмысты аяқтауға барынша күш салдық. Өздеріңіз көріп тұрғандай, қазір шілде айының басы. Бүгін құрылыс жұмыстарын толық аяқтадық. Енді тұрғындар жаз бойы таза ауада демалып, уақыттарын жайлы әрі қауіпсіз ортада өткізе алады. Мереке құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және игілік тілейміз!,- деді ол.

Жаңа ауланың ашылу салтанаты тұрғындардың қатысуымен аталып өтті. Мереке аясында тұрғындар аулада кең дастархан жайып, дәстүрлі «Аула күнін» ұйымдастырды. Балалар үшін аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы өткізіліп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

Ерқазы Сейтқали
04.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26187
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25636
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43023
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38834
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43428