ХАЛЫҚ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚҰРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

ХАЛЫҚ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚҰРУ –   ЗАМАН ТАЛАБЫ

Астана қаласында мемлекеттік үлкен істер атқарылуда. Соның бірі  – цифрлық трансформация арқылы мемлекеттік қызметтерді жылдам, тиімді және қолжетімді етуге ерекше назар аударылуы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, азаматтарға сапалы қызмет көрсету – басты басымдықтардың бірі.

2024 жылы елдегі 1200-ден астам мемлекеттік бизнес-процесс қайта қаралып, 468-і оңтайландырылды. Бұл мемлекеттік қызметтердің орындалу уақытын орта есеппен 45%-ға қысқартуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы және Ішкі істер министрліктерінде бұл көрсеткіш 55%-ды, ал Ұлттық экономика министрлігінде 85%-ды құрады.

Халықаралық ұйымдар да Қазақстанның цифрлық даму қарқынын жоғары бағалап отыр. БҰҰ деректеріне сәйкес, ел онлайн-қызметтер көрсеткіші бойынша әлемнің үздік 10 мемлекетінің қатарына енді. Ал жалпы цифрландыру деңгейі бойынша 193 елдің ішінде 24-орынға ие болды. Бұл көрсеткіштер қазақстандықтардың мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі ыңғайлы түрде алуына үлкен мүмкіндік туғызды.

Бүгінде азаматтардың 93%-ы eGov порталы арқылы онлайн қызметтерді пайдалана алады, ал 90,8%-ы смартфон арқылы қажетті рәсімдерді орындай алады. Бұл жаңашылдықтар халықтың мемлекеттік мекемелерге бармай-ақ, қажет қызметті кез келген жерде алуына жол ашты.

Сонымен қатар, Q-қолтаңба мен биометриялық сәйкестендіру жүйесі енгізіліп, азаматтарға құжаттарға QR-код арқылы қол қою мүмкіндігі берілді. 2024 жылы қазақстандықтар осындай тәсілмен 23 миллионнан астам құжат рәсімдеді. Бұл өзгерістер халықтың уақытын үнемдеуге және қызметтерді алу үдерісін едәуір жеңілдетуге ықпал етті.

2025 жылға дейін 44 мемлекеттік қызметтің мерзімін қысқарту, 20 қызметті проактивті форматқа ауыстыру және 35 қызметті толықтай цифрландыру жоспарланған. Бұл қадамдар бюрократиялық кедергілерді азайтып, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру азаматтарға уақыт үнемдеуге ғана емес, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға да мүмкіндік беріп отыр. Қазақстан осы бағытта қарқынды дамып, әлемдік рейтингтерде өз орнын нығайтып келеді.

 Cаяжан ҚАЙДАР

 

14.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 352
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 341
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18256
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18114
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33304
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31855
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35572