Түркістан облысында ұзындығы 15 шақырым болатын каналдың реконструкциясы басталды

Түркістан облысында ұзындығы 15 шақырым болатын каналдың реконструкциясы басталды

Түркістан облысындағы «Қазсушар» РМК филиалы Мақтаарал ауданындағы К-17 каналында реконструкциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жыл соңына дейін ұзындығы 3,3 шақырым болатын бөлігін бетондау жоспарланған. Бүгінде каналдың түбі толық тазартылып, тығыздау және бетондау жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр.

К-17 каналының жалпы ұзындығы – 15 шақырым, өткізу қуаты – секундына 6,5 текше метр. Нысанды реконструкциялау су шығынын азайтып, егістік алқаптарын суару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Жұмысқа арнайы техника тартылған. Түркістан облысындағы «Қазсушар» филиалы мердігер ұйымның жұмысты сапалы әрі уақытылы орындауын қатаң бақылауда ұстап отыр», – деді «Қазсушар» РМК Түркістан облысы филиалы директоры Қазыбек Бедебаев.

19.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 191
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 187

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18843
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18712
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33876
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32424
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36227