ТҮРКІСТАН: БАСКЕТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ТҮРКІСТАН: БАСКЕТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Мақтаарал ауданы, Мырзакент елдімекенінде баскетболдан Қазақстан чемпионатына іріктеу сайысы өтті. Жарыс Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Мақтарал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы бірлесіп ұйымдастыруымен қолға алынған. 

Бес күнге созылған облыстық чемпионатқа 13 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Алаңда өзінің жан-жақты шеберлігін көрсеткен жеткіншектер облыс құрамасына алынып, республикалық додада өңір намысын қорғамақ. 
Байрақты бәсекенің қорытындысы бойынша І орынға Мақтаарал ауданының спортшылары ие болды. Жүлделі ІІ орынға Төле би ауданының құрамасы табан тіреп, ІІІ орынды Созақ ауданынан келген баскетболшылар иеленді. 
Топ жарған командалар мен үздік деп танылған спортшылар арнайы медальдар мен алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Айта кетсек, бұл Алматы қаласында 1-8 наурыз аралығында өтетін Қазақстан чемпионатына іріктеуға арналған жарыс. Ең үздіктер ел чемпионатында бақ сынайды. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 68
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 76
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 378
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 518

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18278
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18137
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33327
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31881
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35619