Түркі Мәдениеті және Мұрасы Қорының Президенті

Түркі Мәдениеті және Мұрасы Қорының Президенті

ЮНЕСКО жанындағы Азия-Тынық мұхиты өңірінің материалдық емес мәдени мұра жөніндегі орталығы (ICHCAP) ұйымдастырған халықаралық конференцияға қатысты.

Түркі Мәдениеті және Мұрасы Қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова Сеул қаласында (Корея Республикасы) өткен «Трансшекаралық мұра және АСЕАН елдерінің ортақ мәдени мұрасы: құндылықтар мен өңірлік ынтымақтастық» тақырыбындағы Халықаралық конференцияға қатысты.

Іс-шара Корея Республикасының Ұлттық мұра қызметі мен ЮНЕСКО жанындағы Азия–Тынық мұхиты өңірінің материалдық емес мәдени мұра жөніндегі халықаралық ақпараттық және желілік орталығының (ICHCAP) бірлескен ұйымдастыруымен өтті. 

«Түркі кеңістігіндегі ортақ мәдени мұра саласындағы өңірлік ынтымақтастық: Ортақ түркі мұрасының Каталогы» тақырыбында баяндама жасаған Қор Президенті Ақтоты Райымқұлова мәдени мұраны сақтау мен кеңінен насихаттауда халықаралық өзара ынтымақтастықтың маңызы артып келе жатқанын атап өтті. Өз сөзінде ол Қордың түркі әлеміне ортақ мәдени құндылықтарды жүйелі түрде құжаттау, оларды болашақ ұрпаққа жеткізу және халықаралық платформаларда ілгерілету бағытындағы қызметі туралы баяндады.

Сеул қаласында өткен конференция аясында Қор Президенті «Түркі әлемінің мәдени коды» – Түркі әлемі мәдени мұрасының алғашқы көптілді Каталогын таныстырды. Бұл Каталог Қор тарапынан «Түркі әлемінің келешегі – 2040» және TURKTIME стратегиялық құжаттарына сәйкес әзірленгені атап өтілді. Сондай-ақ аталған Каталогтың халықаралық қауымдастыққа алғаш рет 2025 жылғы 4 қарашада Самарқанд қаласында өткен ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясы аясында ұсынылғаны, ал Корея Республикасындағы таныстырылымы жобаның халықаралық деңгейде ілгерілетуіндегі маңызды кезең болғаны айтылды.

Аталған жоба Ортақ түркі мұрасының тізімін қалыптастыруға және «TurkicHeritage» цифрлық платформасын құруға негіз қалайды. 

Түркі Мәдениеті және Мұрасы Қорының қызметі және ұсынылған тұжырымдама конференцияға қатысқан АСЕАН елдерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, академиялық қауымдастық пен мемлекеттік құрылымдар тарапынан жоғары бағаланып, зор қызығушылық тудырды. Әсіресе Қордың мәдениетаралық диалогты, өзара түсіністік пен халықтар арасындағы сенімді нығайтуға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.

Аталған форумға Қордың қатысуы Түркі Мәдениеті және Мұрасы Қорының халықаралық байланыстарды кеңейтіп, Еуропамен ғана емес, Азиямен, Тынық мұхиты аймағымен және жалпы әлемдік қауымдастықпен өзара ықпалдастықты нығайтып отырғанын айқын көрсетті. Бұл өз кезегінде түркі әлемінің бай мәдени мұрасын жаһандық деңгейде таныстыру үшін жаңа мүмкіндіктер мен кең көкжиектерді ашуда.

23.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21370
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21152
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 36375
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34749
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38723