ТРИАТЛОН САЯБАҒЫНДА ӨТКЕН СПОРТ ФЕСТИВАЛІ

ТРИАТЛОН САЯБАҒЫНДА ӨТКЕН СПОРТ ФЕСТИВАЛІ

«Астана – есірткісіз қала» қалалық профилактикалық акциясы аясында елорданың Триатлон саябағында Sport Fest спорт фестивалі өтті», – деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қатысушылар үшін топтық жаттығулар, спорттық эстафеталар, қол күресінен жарыстар, балаларға арналған ерекше іс-шаралар және баскетболдан шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Бағдарламаның басты шараларының бірі велошеру болды.

«Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Біздің басты мақсатымыз – қала тұрғындарының басын қосып, балаларды, ата-аналарды және аға буын өкілдерін белсенді демалысқа, спортқа және бірге уақыт өткізуге тарту», – деді Winox фитнес директоры Александр Романец.

Оның айтуынша, жаз мезгілінде мұндай спорттық іс-шараларды тұрақты түрде, маусымына шамамен үш-төрт рет өткізуге тырысады.

Фестиваль қатысушыларының бірі де өз әсерімен бөлісті. Оның пікірінше, мұндай іс-шаралар қала тұрғындарына бос уақытын белсенді өткізуге мүмкіндік береді.

«Менің ойымша, мұндай іс-шараларды өткізу өте маңызды. Қазіргі уақытта осындай демалысқа тіпті екі сағат уақыт табудың өзі қиын. Жаз аяқталып келеді, сондықтан осындай шаралар көбірек ұйымдастырылса екен деймін», – деді ол.

Фестивальді Алматы ауданының әкімдігі Winox компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.

 

Нағашыбай Қабылбек
12.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27082
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26553
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43882
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39674
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44230