
Тоғызкент ауылының 80 жылдығы тамаша тартулармен жарасым тапты. Мерейлі мерекеге орай, жаңа жаздық сахнаның ашылуы өтті.
Ашылу салтанатын облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, Казфосфат ЖШС кеңесшісі Батырбек Кулекеев, Сарысу ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі Майтон Узекбаев пен Тоғызкент ауылдық округінің құрметті ардагері Жансерік Майыров сөз сөйлеп, жаңа сахнаның ауыл мәдениеті үшін маңызы зор екенін жеткізді.

Жаңа сахнаның лентасын аудан әкімі Сәкен Мамытов, Сарысу ауданының құрметті азаматы Әбдіманап Көпберген, Қазақстан Республикасының құрметті депутаты Сағынбек Бегеев және Сарысу ауданының Құрметті азаматы Пернебек Алтынбеков салтанатты жағдайда қиды.