ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖАЛҒАСЫН ТАППАҚ

ТЕМІРЖОЛ   ВОКЗАЛДАРЫН   ЖАҢҒЫРТУ   ЖАЛҒАСЫН ТАППАҚ

Астанада Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске облыс әкімдері, Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы қатысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығының 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау барысы туралы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Абай облыстары әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. Бүгінгі таңда 71 теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Қалған нысандар бойынша жұмыстар бекітілген кестелерге сәйкес жалғасады. Кеңес барысында нысандарды салу және жаңғырту мерзімдерін сақтауға, жұмыстардың сапалы орындалуына, мемлекеттік органдар мен мердігер мекемелер арасындағы үйлестіруді күшейтуге ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Нұрлыбек Нәлібаев мүдделі мемлекеттік органдарға теміржол объектілерін пайдалануға беру мерзімдерін сақтауды, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды.

 

12.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27082
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26553
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43882
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39674
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44230