Шылым шегу – ең зиянды әдеттердің бірі. Ол ағзаны улап, зақымдайды. Шылым шеккен адамның ағзасына зиянды заттар өтіп, өкпеге қонады. Темекі мен оның түтінінде ағзаға зиянды ең улы никотинмен бірге әртүрлі химиялық заттар кездеседі. Шылым шеккен адамның бетіне әжім ерте түседі, шашы түсіп, саусағы сарғыш тартады, тісі түсіп, терісі нашарлайды.
Темекінің түтінінде өте улы зат никотин болады. Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін жұтады екен. Осы түтіннің ішінде улы газ, шаң, күйе болады. Күніне 20 шылым тартқан адам 90 мл г никотин жұтады екен. Темекі заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі болып саналады. Темекі жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидер бар. Оның түтінінде 30-дан астам улы заттар кездеседі: Никотин, көмір қышқыл газы, көміртек тотығы, көгеретін қышқыл, аммиак, шайырлы заттар, органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Жыл сайын әлемде темекі шегудің кесірінен 4 млн адам өлім құшады екен. Бүгінде дүние жүзі бойынша 1, 2 млрд адам темекі шегетін көрінеді. Ал Қазақстанда 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның көбісі орта жастағы адамдар.
Шылым шегудің зиянды жағы
1. Тіл мен еріндегі сілекейлі қабаттарын зақымдайды;
2. Құрғақ жөтел пайда болуы;
3. Ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығады;
4. Ауыз қуысында инфекция болады;
5. Иіс сезу қабілеті нашарлайды;
6. Ерте бет-әлпетті әжім басу;
7. Тістер сарғаяды;
8. Қалыпты тыныс алу бұзылады;
9. Әртүрлі ауруларға ағза қарсы тұра алмайды.
Темекіні тастаса не болады?
Темекіні тастаған кезде ағзада айтарлықтай өзгерістер болады екен.
- қан қысымы мен жүрек қызметі жақсарады;
- алақандар мен аяқтарға қан беру қалып-
қа келеді;
- 8 сағаттан соң қандағы оттегінің мөлшері молаяды;
- 2 күннен кейін дәм мен иісті жақсы сезіне бастайсыз;
- 1 аптадан кейін бет келбеті шырайланады;
- 1 айдан кейін оңай тыныс алып, шаршау, бас ауруы кетеді, жөтел азаяды;
- 6 айдан кейін жүректің соғу жылдамдығы орнына келеді; - 1 жылдан кейін темекі шегушілермен салыстырғанда жүректің коронарлық ауруының даму қаупі екі есе азаяды. Ал осыдан соң сіздің өмір сүруге және жұмыс істеуге деген ынтаңыз оянады;
- 5 жылдан кейін өкпе қатерлі ісігінен өлу азаяды;
- 15 жылдан кейін жалпы онкологиялық аурулардың даму қаупі азая береді.
Ал осыдан соң сіздің өмір сүруге және жұмыс істеуге деген ынтаңыз оянады. Жоғарыдағы ескертулерді оқып, осыдан соң темекі тартуды жалғастыра беру мүмкін еместігін өзіңіз де пайымдай беріңіз. Барлық күш-жігеріңізді жинақтап, бұл зиянды да улы заттан құтылуды қарастырыңыз. Ендеше темекіні тастау өз қолыңда екен.
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ