Сыр елінің елордаға ТАРТУЫ

Сыр елінің елордаға ТАРТУЫ

Қыркүйектің 13-14-і күндері Астана қаласында Қызылорда облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге 50 жүк көлігіне тиелген 60-қа жуық тауар өндірушінің құны 200 млн теңге болатын 500 тоннаға жуық өнімі әкелінген.

Атап айтқанда, 200 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет, 20 тоннадай балық, 160 тонна бақша өнімдері, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері, 5 тонна ас тұзы жеткізілді.

Сондай-ақ, жәрмеңке аясында Сыр елінің өнерпаздары қатысқан мәдени-танымдық концерттік бағдарлама елордалықтарға ерекше көңіл күй сыйлады.

 Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінің жазуынша, мемлекеттік қолдаудың арқасында аймақтың ауылшаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Бәсекеге қабілетті өнім өндіру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолға қойылған. Осы жылдың 7 айында ауылшаруашылығында 46,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім көрсеткіші 2,6%-ға артыпты.

«Облыс бойынша 189,6 мың гектарға ауылшаруашылығы дақылдары егілді, атап айтсақ, дәндi дақылдар 92,9 мың гектар, майлы дақылдар 5,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,3 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 17,4 мың гектар. Үкімет бекіткен Жол картасына сәйкес 80,9 мың гектар жерге күріш себілді. Шаруашылықтар егін жинауға қажетті ауылшаруашылығы техникаларымен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілген. Бүгінде егін жинау науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр. Ерте егілген дәнді дақылдар толық жиналып бітті. Қазіргі таңда мал азықтық, майлы дақылдармен қатар көкөніс, бақша және күріш жиналып жатыр. Аймақта мал шаруашылығын дамытуға жасалған қолдаудың нәтижесінде төрт түлік мал басы өсіп, өнім өндіру ұлғайды.

Облыс бойынша 2025 жылдың 1 тамызына 425,4 мың бас ірі қара, 830,3 мың бас қой мен ешкі, 270,7 мың бас жылқы, 66,0 мың бас түйе және 126,8 мың бас құс тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірі қара 0,5%-ға, жылқы 9,7%-ға, түйе 1,2%-ға, құс 1,2%-ға артты.

Өңірде ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорты қарқынды дамып келеді. Биыл облыстан құны 18,8 млн долларды құрайтын 37,7 мың тонна өнім әлемнің 19 мемлекетіне экспортталды.

Барлық экспортталған өнімнің 89,4 пайызын құрайтын күріш өнімі Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне жіберілді. 

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аймақта инвестжобалардың жол картасы әзірленіп, жалпы құны 57,1 млрд теңгені құрайтын 30 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жобалар өңір экономикасын одан әрі өркендетуге бағытталған» дейді баспасөз парағында.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
18.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 197
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 493
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 337

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18251
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568