Су ресурстары және ирригация министрлігі 4 жыл бұрын тоқтап қалған Карғыба өзеніндегі бөгетті реконструкциялау жобасын қолға алды

Су ресурстары және ирригация министрлігі 4 жыл бұрын тоқтап қалған Карғыба өзеніндегі бөгетті реконструкциялау жобасын қолға алды

Су ресурстары және ирригация министрлігі Абай облысы Ақсуат ауданындағы Қарғыба өзенінің бөгетін реконструкциялау жұмыстарын қайта бастады. Бұл жоба 2021 жылы оны әзірлеу кезінде кеткен олқылықтарға байланысты тоқтатылған болатын.

2023 жылы жобалау-сметалық құжат қайта қаралып, түзетулер енгізу басталды. Қазір нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар бойынша, жұмыстар келесі жылдың сәуір айының соңына дейін аяқталады.

Бүгінгі таңда үш су қақпағы мен бұрандалы көтергіштер алынып, қайта орнатылды. Бөгеттің су таситын бөлігінде арматуралық торлар толық орнатылып, бетон құю жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Сонымен қатар өзеннің жоғарғы бөлігі лай мен тұнбадан тазартылып, қосалқы бөгет тұрғызылып жатыр. «Қазақстан» магистральды каналының су алу нысанында да жөндеу жұмыстары қатар жүргізілуде.

«Бұл жобаның мақсаты – «Жаңа-Тоған» каналына суды тиімдірек жеткізу, өзен түбіндегі лай мен шөгіндінің суға араласпауын қамтамасыз ету және балықтардың қырылуының алдын алу. Ал магистральды канал мен ондағы құрылыстарды жөндеу судың дұрыс бөлінуіне, ысыраптың азаюына және суды үнемдеп пайдалануға мүмкіндік береді», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

10.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Иран МАГАТЭ-ні неге айыптады?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 09.10.2025 194
ЖЕҢІМПАЗҒА КӨЛІК сыйға тартылды
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 09.10.2025 200
АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 297

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18603
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18466
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33641
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32191
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35965