15 тамыз күні Астана қаласында еліміздің белді кәсіпкерлерін, шағын және орта бизнес өкілдерін, сондай-ақ сала сарапшыларын біріктіретін ауқымды SHANYRAQ бизнес-форумы болып өтті. Бұл шара Қазақстанның ірі қалаларын қамтитын жылдық турне аясында ұйымдастырылып отыр. Форум бұған дейін Өскемен мен Қарағанды қалаларында табысты өткенін айтуымыз керек. Алдағы уақытта SHANYRAQ Астана, Атырау, Шымкент және Алматы қалаларында жалғасын табады.
Форум күнделікті тынымсыз еңбегімен жаңа жұмыс орындарын ашып, отандық тауар мен қызметті дамытып, жаңа технологияларды енгізіп, салық төлеп, ел экономикасына сүбелі үлес қосып жүрген жандарды ел алдына шығарып, олардың кәсіпкерлік жолындағы табыстарымен бөлісті.

Биылғы форум «Дағдарыс кезінде бизнесті қалай сақтап қалу керек және нарықта қалай жылдам өсу керек?» деген өзекті тақырыпқа арналды. Сондай-ақ, форумға қатысушылар компанияны басқарудың тиімді құралдарын, қаржылық тұрақтылықты, сатылым көлемін арттыру, маркетинг стратегиялары, мықты команда құру, бизнесті масштабтау және басшының жеке брендін қалыптастыру мәселелерін де талқылауды ұмытпады.
Бағдарламаның маңызды бөлігі кәсіпкерлердің шынайы өмірлік ұстанымдарына арналды. Спикерлер өз жетістіктерімен ғана емес, бизнестегі алғашқы қадамдары, өткен дағдарыстары, қаржылық қиындықтары, жіберілген қателіктері, банкроттықтан кейінгі ес жию және жауапты шешімдер қабылдау тәжірибелерімен де ашық бөлісті. Ұйымдастырушылар кәсіпкерлік жол туралы мұндай шынайы диалог қатысушыларға дамудың нақты бағдарын табуға көмектесетініне сенімді.
«Біз кәсіпкерлердің күнделікті еңбегі Қазақстан экономикасының іргетасын қалайтынына сенеміз. Әрбір бизнестің артында жаңа жұмыс орындары, отбасылар, үлкен жауапкершілік және елімізді қуатты етуге деген ұмтылыс тұр. SHANYRAQ – кәсіпкерлік жолда жүрген азаматтардың құпия сырларын көпшілікке жария етіп, тәжірибе алмасу арқылы мыңдаған кәсіпкердің өсуіне серпін беретін алаң», – дейді форумның негізін қалаушы әрі ұйымдастырушы Маргарита Боярова.
Шараға 800-ден астам кәсіпкер, компания иелері, басшылар, мемлекеттік бизнес-институттардың өкілдері мен сала мамандары шақырылыпты. Солардың дені осы жерден табылды.

SHANYRAQ – отандық кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы ашық диалог алаңы ретінде, ел экономикасының бүгіні мен ертеңін өз еңбегімен қалыптастырып жүрген жандарды біріктіруді мақсат етеді.
Спикерлер тізімінде:
• Әділ Тасболатов – Royal Flowers компаниясының негізін қалаушы.
• Роман Линейцев – техно-кәсіпкер, Grand Games негізін қалаушы, Forbes «30-ға дейінгі 30» рейтингінің қатысушысы.
• Мират Ахметсадыков – MOST экосистемасының тең құрылтайшысы, MOST Finance CEO-сы, MOST Ventures басқарушы серіктесі.
• Маргарита Боярова – форумды ұйымдастырушы, SHANYRAQ және Қазақстандағы Royal Event ивент-агенттігінің негізін қалаушы.
PS: SHANYRAQ FORUM – қазақстандық бизнес жайлы көпшілікті құлағдар ететін ең ірі, әрі ауқымды алаң болып саналады. 2026 жылы SHANYRAQ Қазақстанның 6 қаласында 6000-нан астам кәсіпкерді, сарапшыны және бизнес-көшбасшыны біріктірмек ойда. Форум аясы кең болғандықтан, шара қазақ және орыс тілдерінде өтуде. «Форумның басты ерекшелігі – жергілікті тәжірибеге толықтай ден қою: сахнада тек қазақстандық кәсіпкерлер сөз сөйлейді, сырттан әкелінген спикерлер мен құрғақ теория жоқ», – дейді Маргарита Боярова.
SHANYRAQ деректеріне көз жүгіртсек, атқарған шаруалары көл-көсір:
• 3 жыл ішінде Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен және Ташкент қалаларында 13 форум ұйымдастырылған.
• Ол жиындарға 33 000-нан астам қатысқан.
• Форумда сөз алған 100-ден астам спикердің барлығы белсенді кәсіпкерлер екен.
• Digital-кеңістікте 100 000 000-нан астам көрсетілім болыпты (охват).
• 500-ден астам блогер мен медиа тұлғалар қолдау көрсеткен.
Форумның басты мақсатын да айта кетейік: Қазақстандық кәсіпкерлер үшін қазақстандық кәсіпкерлердің өз тәжірибесіне негізделген тәжірибелік бизнес-алаң құруға күш салу. Сол жолда үлкен жұмыстар істелуде.
Миссиясы: Табысты қазақстандық кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыру және қолдау.














