Қалалық қауымдастық фестивалі мәреге жетті

Қалалық қауымдастық  фестивалі мәреге жетті

Елордадағы «Beeline Арена» орталығында «Бірге мықтымыз!» атты қалалық қауымдастық фестивалі өтті. Мұнда Астана қаласындағы Алматы мен Нұра ауданынан жиылған би өнерпаздары келушілерге мәдени кеш сыйлап, ерекше қойылымдарымен көрермендерін тәнті етті.

Концерттік бағдарламада аудан ардагерлерінен құралған би топтары түрлі ұлттық би билеп, өнер көрсетті. Айталық, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы, Нұра ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің «Қыздарай» би тобы қазақ даласының сұлулығына жетелейтін, ұлттық нақышты көрсететін «Тамаша» биін орындады. Ал Алматы ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің бишілері махаббат пен үйлесімділіктің символына айналған «Звездный вальс любви» биін көпшілікке ұсынды.

Мұнымен бірге Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әніне ұлттық өнер мен заманауи хореография үйлескен қойылым ұсынылса, артынша «Танец выходного дня» биі биленді.

Қазақтың көнеден жеткен қазынасы «Қара жорға» биі жиналушылардың қошеметіне бөленді.

Фестиваль аясында ұйымдастырушылар «Айкуне» шеберлік сабағын өткізді. Аталған гимнастика адам ағзасындағы энергетикалық тепе-теңдікті қалпына келтіреді.

«Бұл гимнастика барлық санаттағы адамдарға пайдалы. Яғни қан айналымын, тыныс алуды және буындардың қозғалысын жақсартады. Денені шынықтырады, стрессті азайтады, және рухани серпіліс береді. Әрі қазақ халқының салт-дәстүрін, көшпенді философиясын ұлықтайды. Жалпы Айкуне жай қимылдардан тұрады, асықпай, терең тыныс алу арқылы жасалады. Табиғатпен үйлесімділікті сақтай отырып, көбіне таза ауада орындалады» дейді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, Әлеуметтік қызметтерді ақпараттық ілгерілету бөлімінің басшысы Меруерт Нұрғалиева.

Айта кетейік, елордадағы 16 мыңға жуық зейнеткер қаладағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының 6 филиалында тегін әлеуметтік қызмет түрін алып келеді.

 

Нағашыбай Қабылбек
04.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 197
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 493
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 337

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18251
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568