КЕЗДЕСУ

КЕЗДЕСУ
Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы халықпен кездесу кестесіне сәйкес, Тұрлыбай батыр ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
⠀Ауыл тұрғындарымен кездесуде аудан әкімі алдымен өңірдің салалар бойынша даму көрсеткіштеріне тоқталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарында атқарылатын жұмыстар жайында баяндады. Жорабек Нұрмергенұлы кездесуде тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, олардың өтініштерін тыңдады. Ауыл ақсақалы Жеңісбек Манапов бастаған тұрғындар Тұрлыбай батыр ауылы көшесіндегі түнгі жарықтандыруға қатысты мәселе көтеріп, Жамбыл округіне мәдениет үйінің қажеттігін алға тартты. Аудан әкімі Жамбыл ауылынан мәдениет үйі мен спорт кешенін салу жоспарға енгізілгенін жеткізіп, түнгі жарықтандыру бойынша округ әкіміне тапсырма берді. Сонымен қатар Жорабек Нұрмергенұлы кездесу соңында жеке мәселелерімен қайырылған азаматтарды қабылдады.
Меркі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
09.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 204
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 218
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 482

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18401
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18262
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33448
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31999
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35767