КАНАДАЛЫҚ АКТЕРДІ НЕ ҚЫЗЫҚТЫРДЫ?

КАНАДАЛЫҚ АКТЕРДІ НЕ ҚЫЗЫҚТЫРДЫ?

Жалғыз Мадс Миккельсен ғана емес, Астанадағы Comic Con фестивалінің қонағы болған канадалық әйгілі актер Перси Хайнс Уайт алдағы қыркүйек айында елордада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы пікір білдіріпті. Актерден журналистер қыркүйекте Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы естіген-естімегенін және ауқымды іс-шараға баруға қаншалықты кеңес беретінін сұрапты. Сонда ол: «Иә, мен бұл туралы естідім. Менің ойымша, шабандоздардың жарыстарын америкалықтар жақсы көреді. Неліктен мұндай нәрсе Америкада жоқ екенін білмеймін. Сіздерде құстармен аң аулау сияқты көптеген қызықты көшпенділер ойындары және мен әлі біле бермейтін көптеген басқа да ойындар бар екен. Иә, әрине, мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына міндетті түрде келемін», – деп жауап беріпті Перси Хайнс Уайт. Перси Хайнс Уайт – «Рождественские страшилки» және «Удалённая местность» фильмдері мен «Между», «Одарённые» және «Уэнздей» сынды сериалдарындағы рөлдерімен әлемге танылған канадалық актер.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
08.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584