ЕУРАЗИЯДАҒЫ КЕЗДЕСУ

ЕУРАЗИЯДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттермен және оқытушылармен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі басымдықтар талқыланды.

Нұрлан Нұркенов жастарды мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыруға белсенді тарту маңызды міндет екенін атап өтті.

«Президент Жолдауында цифрлық технологияларды, жасанды интеллектіні енгізу, сонымен бірге құрылыс саласы сияқты сұранысқа ие бағыттар бойынша кадр даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бұл бағытты өзім де қадағалаймын. Негізгі бастамалардың іргетасы білім ордаларында қаланады. Сапалы кадрлық әлеуетсіз ешбір реформа жүзеге аспайды. Университет қабырғасында фундаменталды білім алынып, болашақ мамандар қалыптасады. Сондықтан да студенттермен, магистранттармен, докторанттармен жұмыс – болашаққа үлкен салым», – деді ол.

Кездесу соңында «сұрақ-жауап» форматында интерактивті сессия өтті. Онда әкім орынбасары студенттер мен оқытушылардың сұрақтарына жауап берді. Профессорлар мен оқытушылар қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты цифрландыруға арналған өздерінің жобалары мен идеяларын ұсынды.

Олардың ішінде ағынды суларды тазарту жүйесін құру және жасыл аймақтарды нысаналы суару тәсілдері бар.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
18.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 348
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 493
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 337
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 197

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18251
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568