Елорда да әр демалыс сайын жәрмеңке

Елорда да әр демалыс сайын жәрмеңке

Астанада өңірлерден келген тауар өндірушілердің қатысуымен ауылшаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы өтіп жатыр. 28-29 қыркүйекте өз өнімдерін Абай және Қызылорда облыстарының аграршылары ұсынады. Абай және Қызылорда облыстарының ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер елордаға ет, сүт өнімдері, жеміс-жидек пен көкөністер, бал және басқа да тауарларды қоса алғанда 830 тоннадан астам өнім әкелді. «Елорда тұрғындары мен қонақтарына Қызылорда облысының әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. Келесі жәрмеңкеде Павлодар, Батыс Қазақстан және Алматы облыстары өз өнімдерін жеткізеді», – дейді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының азық-түлік қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы Нұрдәулет Қосман. Жәрмеңкедегі ассортимент алуан түрлі. Ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілердің сөрелерінде ет, күріш, балық, көкөністер мен жемістер, өсімдік майы, сүт өнімдері, бал, қымыз, шұжық өнімдері, бақша дақылдары, ас тұзы, сондай-ақ сүт және кондитерлік өнімдер сияқты өнімдер алуға болады. «Бүгін біз Абай облысының атынан қатысып отырмыз. Астанаға экологиялық таза бал сататын 6 шаруа қожалығы келді. Біз өз өнімдерімізді тек Қазақстан бойынша ғана емес, шетелге де жеткіземіз. Біздің бал – ең таза әрі экологиялық пайдалы өнім», – деді фермер Руслан Хижин өз өнімдері туралы. Жалпы, Абай және Қызылорда облыстарының ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер жәрмеңкеге 400 тонна күріш, 100 тонна балық, 100 тонна сиыр және жылқы еті, сондай-ақ 30-40 тоннаға жуық бал әкелді. «Біз жәрмеңкелерден үнемі азықтүлік сатып алуға тырысамыз. Өткен аптада Атырау облысының балықтарын сатып алып, риза болдық. Бүгін жаңа піскен жемістер мен көкөністерді сатып алдық. Менің ойымша, бағалар өте қолайлы. Енді келесі жәрмеңкені күтіп отырмыз», – дейді елорда тұрғыны Санжар Отаубай. Айта кетейік, биыл жәрмеңке Қарқаралы тас жолындағы «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы орында өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңкелерді өткізу кезеңінде №18, 37, 303 және 323 бағытындағы автобус маршруттары қамтамасыз етіледі. Жәрмеңкелер әр демалыс күндері 27 қазанға дейін өтеді.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
03.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584