ДІНАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ – ЕЛ ЫНТЫМАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

ДІНАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ –  ЕЛ ЫНТЫМАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

 Мемлекет басшысы Астанада тұрақты өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін белсенді қолдап, халықаралық аренада дінаралық диалогты нығайтуға баса мән беріп келеді.

Дінаралық келісім – Қазақстанның қоғам өміріндегі маңызды жетістіктерінің бірі мен бірегейі. Түрлі ұлттар мен этностардың діндерінің өзара әрекеттесуінің тұрақты моделі, бүгінгі қазақ еліндегі бөлінбейтін біртұтас жасампаздық пен келісімнің негізі.

Əлемдегі кез келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығын сақтаудың негізгі шарттарының бірі – ол оның азаматтарының өзгелерден ерекше артықшылық пен үстем  болып ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады. Сондықтан да, Қазақстан билігі өз азаматтарының ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, жалпы қазақстандық ұлт дəрежесінде біріктіру саясатын ұстанған.

Былтыр 18 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің жабылуында сөйлеген сөзінде былай деді:

– Меймандарымыздың діні мен ділі бөлек болса да, тілегі мен ниеті бір екені сөзсіз. Съездің қорытынды Декларациясы – соның айқын дәлелі. Құжатта ортақ идеялар мен ұсыныстар көрініс тапты. Жалпы, форумның түпкі мәні де – осы. Біз құрмет пен сыйластыққа негізделген сындарлы диалогтың куәсі болдық. Ең бастысы, дінбасылар ортақ мүдде жолында күш біріктіруге дайын екенін көрсетті, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, шын мәнінде, салмақты және сындарлы диалог – нағыз даналықтың көрінісі.

– Сіздер бүкіл әлемге көрегендік пен парасаттылықтың үлгісін көрсетіп отырсыздар. Геосаяси тұрақсыздық белең алған күрделі кезде мұның мән-маңызы айрықша. Форум бүгінде діндер мен мәдениеттер арасындағы ықпалдастықты дамытудың, барша адамзаттың жарқын болашағы үшін ынтымақтастықты нығайтудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Пленарлық және секциялық отырыстарда, діни орындар мен нышандарды қорғау бойынша арнайы сессияларда, сарапшылар дөңгелек үстелінде және жас діни көшбасшылар форумында көптеген құнды идея мен ұсыныс айтылды. Сіздер деструктивті ағымдар мен зорлық-зомбылықты қатаң айыптап, қазіргі дағдарыстарды реттеу мүмкіндіктерін қарастырдыңыздар, әлеуметтік теңсіздікті еңсеру мен инклюзивті қоғам құру жолдарын талқыладыңыздар. Экология, орнықты даму, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектінің адам өміріне әсері мәселелеріне ерекше мән берілді. Съездің ашылуында сөйлеген сөзімде діни дипломатияның халықаралық аренадағы диалог пен сенімді нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айтқан едім. Сіздердің де бұл ұстаныммен келісетіндеріңіз қуантады, – деді Мемлекет басшысы.

Осылайша, Қазақстан егемендіктің алғашқы жылдарынан бастап көпэтникалы жəне көпконфессиялы қоғамда этностардың өзіндік ерекшелігі мен бірігуін сақтауға негізделген ұлтаралық қатынастарды қамтамасыз ететін өзіндік айрықша үлгіні қалыптастырған. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылады: тұжырымдамалық деңгей; саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей; институционалдық деңгей жəне ғылыми-əдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді жəне ол əлеуметтік-экономикалық, мəдени, ождандық, тұрмыстық жəне басқа да өзара тəуелді, толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мəдени дамуын еркін қамтамасыз ету жəне олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді.

Белгілі дінтанушы ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай: 

«Жалпы дін құбылысының төрт қабаты: діни сенім, діни таным, діни тәжірибе және діни сана сияқты қабаты бар. Қазақ болмысында да осы қабаттар кемел көрініс тапқан. Діни сенім ортақ ол – «аманту»... Сондықтан «ислам біреу». Ол шиа болсын, ол сунни болсын, олардың діни сенімінде ерекшелік жоқ. Кешегі ориенталистік зерттеулерде «классикалық, халықтық, ортодоксалды, гетеродоксалды, таза ислам» деген тіркестер қасақана жасалған позитивизм мен еуропаценртизмнің идеологиялық ықпалының нәтижелері. Сондықтан ислам біреу, ал мұсылмандық сан-алуан. Қазақ мұсылмандығының басқа мұсылмандық формаларынан ерекшелігі оның «діни танымы» мен «діни тәжірибесінен» көрінеді. Оның діни танымында «Ханафи, Матуриди және Иасауи» үштігі негізінде қалыптасқан  доктриналық тұтастық жатыр. Бұл үштік сопылық спектрі арқылы суарылған. Бұған біздің мәдени құндылықтық болмысымыз ықпал еткен. Себебі бұл ерекшелік уақытпен кеңістік және адам тұғыры арқылы өзін көрсетеді. Мұны болмыстың діни тәжірибесі деп айтамыз», – дейді.

Нағашыбай Қабылбек
20.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27082
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26553
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43882
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39674
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44230