ДЕПУТАТТЫ АШЫНДЫРҒАН 1,7 МИЛЛИАРДҚА КІМ ИЕ?

ДЕПУТАТТЫ АШЫНДЫРҒАН 1,7 МИЛЛИАРДҚА КІМ ИЕ?

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов елордадағы ақылы автотұрақтар тұрғындардың наразылығын тудырып отырғанын әлеуметтік желіге жазды. Депутаттың сөзінше, Астанадағы көптеген әлеуметтік маңызы бар жерде ақылы автотұрақтардың енгізілуі, әсіресе Ботаникалық бақ сияқты орындарда, қала тұрғындарының наразылығын тудырып отыр.

«Ақылы тұрақтар көк сызықтармен белгіленеді, ал тұрақтың бір сағаттық құны 100 теңгені құрайды. Егер жүргізуші белгі немесе таңбаны байқамаса, ол шамамен 5000 теңге айыппұл төлеуі мүмкін. Қала әкімі орынбасарының мәліметінше, осы жылдың 9 айында ақылы тұрақтардан түскен айыппұл сомасы 1,7 миллиард теңгеге жеткен», – деді ол Telegram-дағы парақшасында. Асхат Аймағамбетов атап өткендей, дегенмен бұл жүйенің қаржылық бөлігі сұрақтар тудырды. – Әрбір 100 теңгеден 70%-ы тұрақтарды басқаратын жеке компанияның үлесіне тиеді, ал 30%-ы ғана қалалық бюджетке түседі. Бұл кірістердің бөлінуі біздің комитет депутаттарының арасында қалалық бюджет пен қоғамдық мүдделерге сай келетін жүйе туралы сұрақтар туындатты. Монополист компанияның иелері туралы ақпарат та сұратылды. Мұндай шаралар қала тұрғындарының наразылығын тудырып жатыр. Қала бюджетіне бұл төлемдерден үлкенірек, кем дегенде 90% түсіп, сондай-ақ қоғамдық пайдалануға арналған орындарда тегін автотұрақтар санын көбейту керек деп санаймыз, – деп айтты депутат.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
03.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584