Балалар қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?

Балалар қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?

Жақында Алматы қаласы, Алатау ауданы №114 жалпы білім   беретін   мектебінде   ата-аналармен екі күнге созылған маңызды кездесулер өтті. Бұл жиналыстардың мақсаты – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетін дамыту және ата-ана мен мектеп арасындағы сенімді серіктестікті нығайту. Жиналыс барысында мектеп ұжымы мен ата-аналар қауымы ортақ мәселелерді бірге талқылап, тиімді шешім жолдарын қарастырды.

13 қарашада 1-4 сынып ата-аналарына арналған «Бала қауіпсіздігі үйде, мектепте, көшеде және интернет желісінде», 5-9 сыныптар ата-аналарына «Қоғамдағы мінез-құлық ережелерін құрметтеуде отбасының рөлі» тақырыптарында жиналыс өтті. Бұл жиында 3 «А, Г» сынып жетекшілері Қ.Б.Қадырова, М.Н. Говорова, сондай-ақ 8 «А» сынып жетекшісі Г.Узбек, 6 «В» сынып жетекшісі Г.Х.Машуевалар балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бағытында кең көлемді ақпарат берді. Жиналыс барысында мына негізгі мәселелер талқыланды:

- үй жағдайындағы қауіпсіздік ережелері;

- мектеп аумағындағы тәртіп пен қауіпсіздік шаралары;

- көшедегі жүріс-тұрыс мәдениеті;

- интернет желісіндегі киберқауіп-қатерлер және олардан сақтану жолдары.

Сондай-ақ ата-аналарға балалардың цифрлық ортадағы жүріс-тұрысын бақылау, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, күнделікті әңгімелесу мен түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу жөнінде нақты ұсыныстар берілді. Мектеп педагог-психологы Байтемірова Ақмарал Кенжеқызы жағдаяттық сауалдар беріп, ата-аналар өзара пікір алмасты. Жиналыс соңында қатысушылар: «Бала қауіпсіздігі – тек мектептің ғана емес, ата-ананың да, қоғамның да ортақ міндеті» деген ойды ерекше атап өтті.

Келесі, яғни 14 қараша күні іс-шара өз жалғасын тауып, 10-11 сынып ата-аналарымен «Жасөспірімнің азаматтық ұстанымы мен құқықтық кемелдігін қалыптастырудағы ата-ананың рөлі» тақырыбындағы кездесу барысында төмендегі бағыттар кеңінен талқыланды:

жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері; заңға құрметпен қарау мәдениетінің қалыптасуы; құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектептің жоспарлы жұмыстары; ата-ананың азаматтық жауапкершілігі мен тәрбиедегі рөлі; отбасы мен мектеп арасындағы серіктестікті нығайту жолдары.

Жиналыс өте белсенді форматта өтті, ата-аналар пікірлерін айтып, ұсыныстар енгізіп, маңызды сұрақтарына кәсіби жауап алды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Агатаева Орал Сейлханқызы, Ташимова Ұлмекен Әбдіғапбарқызы жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты көтеру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.

Екі күндік кездесулер ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты одан әрі нығайта түсті. Қауіпсіздік, тәрбие, құқықтық мәдениет сияқты маңызды бағыттар бойынша ортақ түсінік қалыптасты. №114 жалпы білім беретін мектебінің директоры Қилыбаева Айгүл Жапсарбайқызы өз сөзінде бала тәрбиесінде ата-анамен серіктестікті басты қағида ретінде ұстанатынын және мұндай кездесулердің алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Балалардың амандығы, рухани дамуы мен құқықтық сауаттылығы – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз.

Ұ. А. ТАШИМОВА,

 №114 ЖББМ директорының 

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

Алматы қаласы 

 

28.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 82
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 81
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 78

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20395
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20221
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35328
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33893
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37747