Астаналық оқушы ақылды көзілдірік ойлап тапты

Астаналық оқушы ақылды көзілдірік ойлап тапты

«Астана қаласындағы Қошке Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназиясының 10 «А» сынып оқушысы Қуандық Амирхан ерекше жобасын таныстырды. Ол көру қабілеті нашар және мүлде көрмейтін жандарға арналған ақылды көзілдірік жасап шығарды», – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жас өнертапқыштың бұл жобасы көзі нашар көретін адамдарға күнделікті өмірде көшеде еркін қозғалып, түрлі кедергілерден сақтануға мүмкіндік береді. Ақылды көзілдіріктің басты ерекшелігі – адамның алдында бір метр қашықтықтан бастап кедергі пайда болғанда, алдын ала қазақ тілінде «Сақтаныңыз, алдыңызда кедергі!» деген дауыстық ескерту жасайды.

Қуандық Амирхан бұл көзілдірікті зағип жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрастырғанын айтады. Алдағы уақытта ол жұмыстың ауқымын кеңейтіп, басқа да нұсқамаларды енгізуді көздеп отыр. Бұл бастама – жас өнертапқыштың ғылым мен фтехнология саласына деген қызығушылығының нәтижесі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік пен жанашырлықтың үлгісі. Ақылды көзілдірік әлеуметтік маңызы зор жаңалық ретінде қоғамның қолдауына ие болары сөзсіз. Жоба зағип жандардың өмір сүру сапасын арттырып, олардың өз бетімен қозғалуына үлкен септігін тигізбек.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
22.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 63
Министрлікте өткен кеңес
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 28
Ақындар айтысы өтті
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 26
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 63
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 304
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 299

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18973
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18833
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33999
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32551
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36357