АРХИВТІК ҚҰЖАТТАР НЕГІЗІНДЕ АШЫЛҒАН КӨРМЕ

АРХИВТІК ҚҰЖАТТАР НЕГІЗІНДЕ АШЫЛҒАН КӨРМЕ

Елорданың «Нұрлы жол» вокзалында Ұлы Жеңіс күніне орай Астана қаласының Мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Ерлік дастаны» атты архивтік құжаттардан және суреттерден тұратын көрме ашылды.

Іс-шараға архив қызметкерлері, темір жол саласының мамандары мен басшылығы қатысты.

Астана қаласы Мемлекеттік архивінің директоры Жангелді Бимолдиннің айтуынша, бұл көрме Ақмолада құрылған дивизиялар жөнінде сыр шертеді. Сондай-ақ осы өңірден шыққан майдангерлер, соның ішінде екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов, Рейхстагқа Жеңіс туын алғашқы болып тіккен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев, Кеңес Одағының Батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов, «Даңқ» орденінің толық иегері Әлмұқан Сембинов сынды қазақтың даңқты перзенттерінің ерлігі мен еңбегін ұлықтауға арналды.

Елімізде Екінші дүниежүзілік соғыс өртіне шарпылмаған әулет жоқ шығар. Сол сияқты Ақмоладағы бір отбасынан алты бірдей адамның соғысқа аттанғаны туралы да құжаттар көрмеге қойылды.

Мерекеге орай арнайы тақырыптық стендтер ілініп, тарихи жадыны жаңғыртуға бағытталған мазмұндағы ақпараттық материалдар көпшілік назарына ұсынылды.

Бұл көрмені 12 мамырдан бастап 15 мамырға дейін «Жібек жолы» сауда үйінен де тамашалауға болады.

 

Нағашыбай Қабылбек
14.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25240
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24749
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42179
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38033
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42513