Алматы ЖИТС орталығы қалалық Адам репродукциясы орталығымен бірлесіп " Менің денсаулығым - менің қолымда. Менің таңдауым — қауіпсіз өмір".
Іс-шара 24 мамырда Арбатта өтті және денсаулық сақтау мамандарын, жастарды, қала тұрғындары мен қонақтарын денсаулықты сақтау және әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу тақырыбына біріктірді.
"Акцияның басты мақсаты өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың, АИТВ-инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды алдын алудың, сондай-ақ, репродуктивті және психоэмоционалды денсаулықты сақтаудың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру болды", - деп атап өтті Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры М.Түкеев.
Ұйымдастырушылар АИТВ-инфекциясының алдын алу және уақтылы тестілеу мәселелеріне ерекше назар аударды. Барлығы, бұл 96 адам, АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін, құпия және қажет болған жағдайда жасырын өтті. Нәтиже 20 минуттан кейін берілді. ЖИТС орталығының мамандары алматылықтар арасында тестілеудің өскенін атап өтті. Жыл сайын қалада алматылықтардың 20 пайыздан астамы өзінің АИТВ-мәртебесін біледі. ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері жедел тестілеу жүргізу және АИТВ туралы білімді насихаттау үшін оқу орындары мен бизнес құрылымдарға барады.
Акцияның ақпараттық алаңдары ең алдымен жастар аудиториясына бағытталды.
"Қатысушылар, балалар гинекологы, уролог және эпидемиолог мамандардан тегін кеңес алуға мүмкіндік алды. Дәрігерлер ЖЖБИ алдын алудың заманауи әдістері, тұрақты медициналық тексерулердің қажеттілігі, ауруларды ерте диагностикалау және жасөспірім кезінен бастап денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтып берді", - деді қалалық Адам репродукциясы орталығының директоры Г.Қошкимбаева.
Акцияға викториналар, тақырыптық сауалнамалар және ақпараттық материалдар таратылатын интерактивті аймақтар ұйымдастырылды. Қатысушылар АИТВ және ЖЖБИ алдын алу, салауатты өмір салты және психоэмоционалды денсаулықты сақтауға байланысты өзекті мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.
Ашық ақпараттандыру және тестілеудің қолжетімділігі АИТВ-ға жауап берудің тиімді құралдарының бірі болып қала береді. Қоғамдық кеңістіктегі акциялар медициналық көмек пен консультацияларды халыққа қолжетімді етуге көмектеседі және қоғамдық денсаулықты нығайтуға ықпал етеді.
Алматы ЖИТС орталығының баспасөз қызметі















