ЖАҢАТАСТА ЖАҢА СУПЕРМАРКЕТ АШЫЛДЫ

ЖАҢАТАСТА ЖАҢА СУПЕРМАРКЕТ АШЫЛДЫ
 0
🔹1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Жаңатас қаласында жаңа кәсіпкерлік нысан ашылды.
🔹«ADAL» атты үлкен сауда орнының салтанатты ашылу рәсіміне Сарысу ауданы әкімі Марат Сұлтанғалиев бастаған аталмыш салаға жауапы мамандар мен қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері және қала тұрғындары қатысты.
🔹Жиында сөз алған аудан басшысы кәсіп иелеріне қашан да қарапайым халыққа қарайласып, әлеуметтік маңызы бар тауарларды бекітілген бағадан артық саудаламауды тапсырды. Сондай-ақ, «ADAL» атын арқалаған супермакерттің сөрелері көптің сұранысындағы тауарлармен әрдайым толығып, өз тұтынушыларының алғысына бөлене беруін тіледі.
🔹Жалпы аумағы мың шаршы метрден асып жығылатын жаңа сауда нүктесінде азық-түлік, жеміс-жидек, көкеніспен қатар, тұрмысқа қажетті тауарлардың түр-түрін таба аласыз. Дүкен иесі Жайшыбеков Сәбит Ілесұлының айтуынша, бүгінгі таңда 25 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың айлық жалақысы 90 – 120 мың теңге аралығында.
Айта кетейік, моно қалада дәл осындай үлкенді-кішілі 526 кәсіпкерлік нысан бар.
 
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
02.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28226
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27706
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45075
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40727
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45386