Ясауи мұрасы Бакуде: Түркі мәдениеті және мұрасы қорының қолдауымен «Көгілдір күмбез құпиясы» халықаралық көрмесі ашылды

Ясауи мұрасы Бакуде: Түркі мәдениеті және мұрасы қорының қолдауымен «Көгілдір күмбез құпиясы» халықаралық көрмесі ашылды

2026 жылғы 30 қыркүйекте Әзербайжан ұлттық тарих музейінде Қазақстан Республикасының «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы әзірлеген «Көгілдір күмбез құпиясы» халықаралық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қожа Ахмет Ясауи мұрасын Қазақстанда және одан тыс жерлерде зерттеу, сақтау және кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың жалғасы ретінде жүзеге асырылды.

Көрме мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту және түркі халықтарының ортақ мұрасын кеңінен таныту аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрлігінің және Түркі мәдениеті және мұрасы қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шарада Әзербайжан ұлттық тарих музейінің директоры, академик Наиля Велиханлы, Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Мәдени мұраны қорғау, дамыту және қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік қызметтің бастығы Сабина Гаджиева, Қазақстан Республикасының «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Ерлан Дәкенов, сондай-ақ Түркі мәдениеті және мұрасы қорының өкілдері Лейла Гасанова мен Мақсат Арғынбеков сөз сөйледі.

Ресми бөлімнен кейін іс-шараға қатысушылар «Көгілдір күмбез құпиясы» халықаралық көрмесінің экспозициясымен танысты.

Көрмеде келушілер назарына ежелгі Түркістанның тарихи-мәдени мұрасы мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бай сәулеттік келбеті ұсынылды. Экспозициядан тарихи ескерткіштің макеттері, XII–XIV ғасырларға тиесілі түпнұсқа қыш тақталар мен сәулет фрагменттері, сондай-ақ куфи каллиграфиясының сирек үлгілері орын алды. Сонымен қатар көрмеде Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын, оның ішінде шежіресі мен ілімінің түркі халықтарына тигізген ықпалын айшықтайтын қолжазбалар мен құжаттар ұсынылды.

01.10.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28195
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27675
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45045
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40697
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45348