Халықаралық ынтымақтастық пен кәсіби дамудың жарқын үлгісі

Халықаралық ынтымақтастық пен кәсіби дамудың жарқын үлгісі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (www.farabi.university) халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту және жоғары білім беру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда. Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – шетелдік жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамына арналған біліктілікті арттыру бағдарламалары.

Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты отандық және шетелдік 50-ден астам білім беру ұйымдарымен және серіктес мекемелермен табысты ынтымақтастық жүргізуде. Институт ұсынатын бағдарламалар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін тыңдаушылармен қатар, шетелдік жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мамандарын да қамтиды. Институт кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейтіп, жыл сайын түрлі сала мамандарының біліктілігін арттыруға өз үлесін қосып келеді.

Үстіміздегі жылдың мамыр айында Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстан аймағындағы Нөкіс мемлекеттік техника университетінің «Механика инженериясы, еңбек және техника қауіпсіздігі» кафедрасының доценті Алланиязов Сатнияз Уббиниязович Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында ұйымдастырылған «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерін есептеу және жобалау» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсынан өтті.

144 академиялық сағатты қамтыған бағдарлама өндірістік қауіпсіздік, еңбек қорғау, тәуекелдерді басқару, қауіпсіздік жүйелерін жобалау және есептеу салаларындағы заманауи ғылыми-тәжірибелік тәсілдерді меңгеруге бағытталды. Бағдарлама аясында тыңдаушы Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында кәсіби бағыт-бағдар алды.

Оқу барысында қатысушы теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларын жетілдіріп, қауіпсіздік инженериясы саласындағы заманауи әдістер мен технологияларды меңгерді. Дәрістер мен практикалық сабақтарда өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерін жобалау, тәуекелдерді бағалау, заманауи оқыту технологияларын пайдалану, ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері кеңінен қарастырылды.

Бағдарлама аясында С.У. Алланиязов «7М11202 – Өнеркәсіптегі кешенді қауіпсіздік аудиті және басқару» білім беру бағдарламасының магистранттарымен кездесті. Кездесу барысында ол өзінің ғылыми-педагогикалық және өндірістік тәжірибесімен бөлісіп, магистранттардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Сонымен қатар, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары мен кәсіби дайындықтарына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өзін қызықтырған сұрақтарға да жауап алды. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға және жас зерттеушілердің кәсіби дамуына оң ықпал етеді.

Сондай-ақ тыңдаушы университеттің ғылыми инфрақұрылымымен, электрондық кітапханасымен, халықаралық дерекқорларымен танысып, кәсіби қызметінде қолдануға қажетті оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды жинақтады. Зертханалық сабақтар барысында заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеу тәжірибесін жетілдіріп, инженерлік қауіпсіздік саласындағы инновациялық шешімдермен танысты.

Бүгінгі таңда жоғары білім беру жүйесінде оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін үздіксіз жетілдіру ерекше маңызға ие. Халықаралық тәжірибе алмасу, ғылыми байланыстарды нығайту және академиялық мобильділікті дамыту білім сапасын арттырудың негізгі факторларының бірі болып саналады. ЮНЕСКО бағдарламалары да жоғары оқу орындары арасындағы білім мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын ерекше атап көрсетеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы халықаралық білім беру және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды алаңдардың бірі болып табылады. Кафедра тұрақты даму саласындағы зерттеулерді, халықаралық жобаларды және академиялық серіктестікті дамытуға үлес қосып келеді.

Қарақалпақстаннан келген әріптестің біліктілікті арттыру бағдарламасына қатысуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығының нығайып келе жатқанын көрсетеді. Мұндай бағдарламалар екі елдің жоғары оқу орындары арасында тәжірибе алмасуға, бірлескен зерттеулер жүргізуге және заманауи инженерлік білімді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Орталық Азия университеттері арасындағы осындай байланыстар өңірдің зияткерлік әлеуетін арттыруға және тұрақты дамуға бағытталған ортақ мақсаттарды жүзеге асыруға қызмет етеді.

Курс қорытындысы бойынша Алланиязов Сатнияз Уббиниязович алған білімдері мен тәжірибесі өзінің кәсіби қызметінде, студенттерді даярлау барысында және өндірістік қауіпсіздік саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарында тиімді қолданылатынын атап өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық серіктестік аясындағы осындай білім беру бағдарламаларын одан әрі дамытып, Орталық Азия кеңістігінде жоғары білікті мамандар даярлауға және ғылыми қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қоса береді.

 

 

Қожахан А.К.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының

доценті, техника ғылымдарының кандидаты

22.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25982
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25428
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42832
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38655
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43229