Балуанның тасы лайықты орнын таба ма?

Балуанның тасы лайықты орнын таба ма?

Балуан Шолақ (Нұрмағамбет Баймырзаұлы) бабамызды көңіл көзі ояу әрбір қазақ жақсы біледі. Ол – халқымыздың рухын асқақтатқан атақты балуан, әнші, композитор әрі ақын. Патшалық Ресейдің әмірімен теріскейден қара шекпенділер қаптап келіп, қазақ жұртына қысым көрсеткен кезеңде ел намысын қорғап, олардың бетін қайтарған қайсар тұлғалардың бірі де осы Балуан Шолақ еді.

Бүгінде Алматы шаһарында бабамыздың есімімен аталатын Балуан Шолақ спорт сарайы бар. Алайда сол сарайдың маңында халқымыздың даңқты перзентіне арналған еңселі ескерткіш бой көтерсе деген ұсынысты көтеріп, жоғары орындарға хат жолдап, газетімізде қайта-қайта жариялап келе жатқанымызға он жылдан астам уақыт өтті. Ел жадында сақталған деректерге сүйенсек, Балуан Шолақ бір үлкен жиында елу бір пұттық кір тасын (830 келі) көтеріп, жұртшылықты таңғалдырған. Сонымен қатар ауыр жақпар тасты көтеріп, едәуір қашықтыққа апарғаны туралы аңызға бергісіз әңгімелер бүгінге дейін айтылып келеді. Сол тарихи тас бүгінде туған жерінде сақтаулы тұр. Осы тастың көшірмесін немесе өзін Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайының алдына әкеліп, оның тарихын бірнеше тілде жазып қою жөніндегі ұсынысымыз да әлі күнге дейін жүзеге аспай келеді.

Әрине, сол тастың жанында бабамыздың айбынды ескерткіші асқақтап тұрса, оның тәрбиелік әрі тарихи маңызы тіпті арта түсер еді.

Бұл мәселе жөніндегі алғашқы өтінішімізді кезінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа жеткізген болатынбыз. Кейін Ерболат Досаевқа, ал өткен жылдан бері Алматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдыға да арнайы хат жолданды. Алайда Балуан бабамыз көтерген алып тас секілді бұл мәселе де әзірге орнынан қозғала қойған жоқ. Осы аптада сейсенбі күні Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов қоғам қайраткері Бақытжан Мергенбаевты, «Балуан Шолақ» қоғамдық қорының президенті Дәулетбай Есімбеков пен «Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлын қабылдады. Жүздесуге қала әкімдігінің мәдениет және ішкі саясат басқармаларының басшылары да қатысып, мәселе жан-жақты талқыланды. Әкім орынбасары Абзал Нүкенов көтерілген ұсыныстың мән-жайына қаныққаннан кейін бұл мәселемен жүйелі түрде айналысатынын және бір ай көлемінде нақты нәтиже болатынын жеткізді.

Үміт бар. Сенім де бар. Ендігі төреші – уақыт.

Гүлфия ЕЛТАЙҚЫЗЫ

 

03.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

122 МЛН КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 04.06.2026 37
Орташа   жөндеу жұмыстары жоспарлануда
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ Тараз қаласы - 04.06.2026 39
Жазғы лагерь   маусымы басталды
А. ХАМИТТЕГІ - 04.06.2026 38

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25610
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25073
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42493
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38341
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42862