Суицидтік мінез-құлықтың алдын қалай алуға болады?

Суицидтік мінез-құлықтың алдын қалай алуға болады?

     Негізінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алып, себеп-салдарын  түсінуге тырысқанда  олардың физикалық және психикалық денсаулық жағдайын, өмірдегі стрестік жағдайларды, сонымен қатар әлеуметтік және мәдени факторларды да қаперге алған жөн. Суицидтік мінез-құлықтың  айтарлықтай қарапайым түсіндірмесі жоқ. Ол ешуақытта  жалғыз факторға немесе оқиғаға байланысты болмайды. Өмірде адамды өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлейтін  күрделі факторлар жиі кездеседі. Өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болғандардың  20-дан астамы суицид жасағандар. Ол жағдай елге, аймаққа, жынысқа, жасына, елге, аймаққа, сондай-ақ  өзін-өзі өлтіру әдісіне қарай  әртүрлі болады.

  Қазір  қоғамда денсаулық сақтауға байланысты суицид  әлемдік мәселеге айналып барады. Зерттеулерге сәйкес 700 000-нан астам адам жыл сайын  осы себептен ажал құшады. Осындай өлім-жітімнің көпшілігі (77%) өмір сүруі орташа және табысы төмен елдерде кездеседі.  Суицидтің  әлеуметтік ортасына, достары мен туыстарына  және қоғамға  тигізер кері әсері бар. Суицидтің алдын алып,  психологиялық қолдауды уақытымен іздеу, сондай-ақ суицидтік ойлардан құтылу үшін  өлімге әкелетін суицид құралдарын шектеу қажет.

                   Суицидтің алдын алу үшін  төрт негізгі мәселе ұсынылады:

-суицид құралдарына қол жетімділікті жою (мысалы, улы пестицидтер мен атыс қаруы);

-суицид мәселесіне жауапкершілікпен қарап, жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп жұмыс істеу;

-жасөспірімдердің  әлеуметтік - эмоционалды өмірлік дағдыларын күшейту;

-суицидтік мінез-құлықтан зардап шегетін жандарды анықтап, тексеру жүргізу, сонымен қатар   кейін дұрыс өмір сүру үшін қолдау жасау.

  Психологиялық қолдау жасау арқылы суицидтің алдын алуға болады. Тексеру барысында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанда  аман қалған адамдардың  көпшілігі  өлімнен құтылғандарына қуанатындықтарын айтады.  

                                        Суицидке бару  себептері:

 Бақытсыз махаббат; Қоршаған адамдармен тіл табыса алмау;  Жұмыстағы, мектептегі мәселелер;  Мақсатты түрде балағаттау (өзін - өзі өлтіруге дейін бару);  Қорлау (зорлық-зомбылық, ұрып - соғу);  Өмірдің  мәнін жоғалту;  Ақша проблемасы; Денсаулық мәселелері; Дінге байланысты фанатизм (секталарда көп кездеседі);  Психикалық аурулар; Жеке өміріндегі сәтсіздіктер.                  

       Жасөсіпірімдер арасындағы жиі кездесетін суицидтің түрлері: 

1. Ең жиі тараған түрі - асылып өлу. Ең көп орын алатыны- кез келген жерге асыла салу.

2. Үй тұрмысындағы улы химиялық заттарды қолданып, дәрі-дәрмектен улану,  сірке су ішіп өлу.  3. Суицидке ұмтылудың бір жолы жасөспірімдер арасында суға кетіп өлу. 

 4. Автокөліктің, поездің астына қасақана түсу.

 5. Жасөспірімдердің  арасында  көбіне «өліммен ойнау» секілді  жағдайлар болады.  Олар ерікті түрде ыстық нүктелерге бару, автомобилді қатты  жүргізудің  түрі, спорттың экстремальдық қауіпті түрімен айналысу, ішімдікті қолдану, әсері күшті есірткілерді пайдалану, т. б. Суицидке бейімділігі бар жандар көбіне-көп  психикалық аурумен ауырмайды.  Керісінше психикалық ауытқушылығы бар  адамдардың өмірге деген құлшынысы зор болады екен. 

                               Сізді мынадай жағдайлар мазалай ма?

-жалғыздық;

- қараңғы ойлардың басуы;

-жан-жақты және  төзімсіз  ауырсыну;

-өзіңізді  үмітсіз немесе  керексіз сезіну;

-ойларыңыз бен сезімдеріңіздің түсініксіз себептері;

-қиын мәселелерді өз-өзіне қол жұмсаудан басқа жолмен шеше алмау ;

- айналаңыздағы адамдар сіз өлсеңіз  жақсы болады деген ой.

                                            Сізге нені білу керек?

Сіз жалғыз емессіз. Барлық адамдар осындай жағдайды  бастан өткерді.

Әңгімелесу жағымсыз сезімдерді азайтуға жәрдемдеседі. Өз - өзіне қол жұмсау туралы айту ұят емес.

Өзіңіздің өміріңізді қию немесе өзіңізге зиян келтіру туралы ойлар ауыр психологиялық жағдай деп білу керек.

Суицид туралы  ойлар әлсіздік  емес және өзіңізді кінәламаңыз.

Сіз  бәрін жеңе аласыз.

Сіз көмек қолын ала аласыз.

                                              Не істей аласыз?

 Оларға медициналық қызметкерден (дәрігер, психиатр), консультанттан немесе әлеуметтік қызметкерден көмек сұрауды өтініңіз және кездесуге ертіп барыңыз.

Сіз адамға қауіп төніп тұрғанын сезсеңіз, онда оны жалғыз қалдырмауға тырысыңыз. Дереу адамның туысына, медицина маманына, дағдарыс кезіндегі жедел жәрдем желісіне немесе төтенше жағдайлар қызметіне хабарласыңыз.

 Ол адамның жағдайына алаңдасаңыз, оған зиян келтіретін тұрмыстық заттарды  тығыңыз.

Адамның жағдайын білу үшін оған үнемі барып хал-жағдайын бақылап тұрыңыз.

                                                                                                                         Шаргүл Қасымханқызы

25.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24229
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23894
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41359
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37275
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41585