Қырғыз Президентінің сөзі жұртты сүйіндірді

Қырғыз Президентінің сөзі жұртты сүйіндірді

Кешеден бері әлеуметтік желіде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың шетелдерден келген этникалық қырғыздарға тездетіп азаматтық беру туралы айтқан сөзі қызу талқыланып жатыр. Біз осыған орай хабардың толықтығын анықтауға тырыстық.

2026 жылдың 12 қазанында Садыр Жапаров Баткен қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, көпшіліктің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, олардың сұрақтарына жауап берген. Сөз реті келгенде Өзбекстаннан көшіп келген этникалық қырғыз әйел әлі күнге азаматтық ала алмай жүргенін айтыпты.

– «Жасым 27-де, төрт баланың анасы боламын. 2012 жылы ата-анаммен, туысқандарыммен бірге Өзбекстаннан көшіп келіп, Қарабақ ауылында тұрып жатырмыз. Қолымда Өзбекстан Республикасының туу туралы куәлігі бар. Қазір де бала-шағамызбен сол туу куәлігімен жүрміз. Мен және туыстарым Қырғыз Республикасының азаматтығын ала алмай келеміз. Төрт балам бар, төртеуінде де құжат жоқ. Күйеуім Қырғыз елінің азаматы. Әкем 2023 жылы Қайрылман куәлігін алды...» – деді.

Оның сөзін бөлген Президент дереу ІІМ-ге тапсырма берді.

– «Толық қарастырыңдар. Дереу азаматтық беріңдер! Тағы да осындай мәселелер болса, Ауғанстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан келген этникалық қырғыздар «Қайрылман» деген құжатпен жүр екен. Оларға азаматтық бермей, уақытын созып жатыр екенсіңдер. Қырғыз екені анықталса, бере беріңдер! Бір күнде тоқтатпаңдар! Қабыл алыңыз да, шешіп беріңіз!» – деді.

Ол содан ары қарай екінші азаматтың миграция туралы сөзіне қарата алдыңғы сөзін толықтыра түсті.

– «Миграция бізде аздап тоқтады. Керісінше, біз мигранттарды келіңдер деп шақырып жатырмыз. Келіңдер, бізде жұмыс орындары бар. Үйі жоқтарға үй салып жатырмыз. Күні-түні демей, қысы-жазы демей мемлекеттік ипотекалық үйлерді салып беріп жатырмыз. Мигранттарға берейік, халқымыз кетпесін, кеткендер қайтып оралсын деп. Бала-шағаларың болса, шақырыңдар, жұмыс бар, бізде жұмыс жоқ деп сылтау айту дұрыс емес», – деді ол.

Қырғызстанның мемлекеттік мекемелері таратқан мәліметтер бойынша, Қырғызстаннан тыс жерлерде, алыс және жақын шетелдерде жалпы 900 мыңнан астам этникалық қырғыз өмір сүреді екен. Олардың ең үлкен бөлігі көршілес Өзбекстанда (шамамен 300 мың) және Қытайда (шамамен 200 мың) қоныстанған. Сондай-ақ Тәжік-стан, Ресей, Түркия және Ауғанстанда да ірі этникалық қауымдастықтары бар.

Қырғызстан тәуелсіздік алған жылдардан бері тарихи отанына 90 мыңнан астам этникалық қырғыз «кайрылман» болып көшіп келген. Олардың ішінде шамамен 70 мыңы Қырғыз Республикасының азаматтығын алып үлгерген көрінеді.

 

14.10.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28608
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28119
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45437
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41089
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45747