Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында ауыл шаруашылығын одан әрі қарқынды дамытуды басты міндеттердің бірі ретінде атады.
Былтыр бұл сала шамамен 6 пайызға өсіп, өндірілген өнім көлемі 15 триллион теңгеге жетті.
Атап айтқанда:
🔹 Жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 1 триллионнан 1,5 триллион теңгеге дейін ұлғайды;
🔹 «Бәйтерек» холдингі жалпы құны 500 миллиард теңгеден асатын тағам өнеркәсібі жобаларын дайындады;
🔹 Шаруаларды ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету тапсырылды;
🔹 Отандық тракторлар мен комбайндардың санын көбейту көзделді.
Бұл – ауылды көтеру, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
#Жолдау2026 #АуылШаруашылығы #Ауыл #Қазақстан
















