Қазіргі уақытта елімізде Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасы белсенді жұмыс істеуде. Өткен жылдарда Үкімет отырысында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бекітілген еді. Мемлекет басшысы жобаны іске асыру барысында еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыруға, инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты түрде арттыруға, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге көбейтуге біршама тапсырмалар берді.
Ұлттық жоба негізінен ауыл-аймақтарда тұратын тұрғындардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыруды көздеп отыр. Ауылдарды өркендету жұмыстары «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жүргізілуде. Ең бастысы су мәселесі мен жақсы жолдың болуы, елді мекендерде білім беру мен медициналық қызмет көрсету орындарының заманауи үрдісте жұмыс жасауына жағдай жасау. Бірінші кезекте ауыл халқының өмір сүру деңгейі жақсарып, тұрмыс-тіршілігі алға басуы қажет. Ауыл халқы үшін жұмыссыздық мәселесі алдыңғы орында тұр. Біртіндеп кәсіпорындардың ашылуы ауылдағы жұмыссыздықтың кемуіне көмегін тигізеді.
Мемлекетіміздің экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне үлес қосатын еліміздегі маңызды саланың бірі – аграрлық-өнеркәсіптік кешен (АӨК). Ол барлық шаруашылықтың ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге және сол өнімді тұтынушыға жеткізуге қатысатын салаларының басын қосады. Елімізде АӨК шамамен 1980 жылдары құрыла бастады. Агроөнеркәсіптік кешеннің мақсаты – халықты азық-түлікпен, өнеркәсіпті ауыл шаруашылық шикізаттарымен қамтамасыз ету және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау.
Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі 3 саласы:
ауылшаруашылығы;
ауылшаруашылық шикізаттарын өңдейтін салалар (жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі);
ауылшаруашылығын өндіріс құралдарымен қамтамасыз етуші салалар (ауылшаруашылық машиналарын жасау және минералдық тыңайтқыштар өндірісі);
АӨК жақсы нәтижеге жетіп, жұмыс жасауы үшін заманауи шаруашылықты игеретін соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталғаны жөн. Сондай-ақ осы саланың тоқтаусыз жұмыс істеп тұруы үшін түрлі техника, құрал-жабдықтар керек. Елімізде ауылшаруашылығына арналған техникалардың тек 400 түрі ғана бар. Осыған байланысты Қазақстанда көп шаруа қол еңбегімен істеледі және осы уақытқа дейін Кеңес Одағындағы ескі техникалар пайдаланылуда. Дегенмен де елімізде маңызды өндірістер енді ғана дамып келе жатыр.
Агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші саласы –ауылшаруашылығы. Оның табиғатқа, ауа райына, топырақ жағдайына тәуелді болуы – өнеркәсіптен басты ерекшелігі болып табылады. Саланың өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді. Құрғақшылық, аяз, қар басу, көктайғақ сияқты табиғи құбылыстар өндіріске әсерін тигізбей қоймайды. Бұл ауыл халқының егін өнімі мен мал басын сақтап қалуда қиындық келтіріп, кедергі жасайды.
Ауылшаруашылығын дамытудың 2 жолы бар:
экстенсивті (жер немесе мал басының өсуі);
интенсивті (техниканы, тыңайтқыштарды тиімді пайдалану);
Жер реформасына байланысты 3 санатқа бөлінеді: халықтың жеке шаруашылығы (бау-бақша, саяжай, олардан түскен өнім); ауылшаруашылық кәсіпорындары (саланың негізгі қызметтерін орындайтын, заңды түрде жұмыс жасайтын ұйымдар); шаруа қожалығы (шаруаға жарамды жерді пайдаланып, отбасылық бірлестіктер құрып, жерге ауыл шаруашылық өнімдерін егіп, өнім алу);
Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі 3 саласы:
Ауылшаруашылығына қызмет ететін салалар: ауылшаруашылығында машинамен қамтамасыз ету, тыңайтқыш, жем-шөп, техника өндіріп, машинамен қамтамасыз ету.
Ауылшаруашылығының өзі: құс шаруашылығы, егіншілік, мал шаруашылығы.
Өнімді өңдеу және өткізу салалары: жеңіл өнеркәсіп, тамақ, өнімді сақтау, тасымалдау.
Жалпы өңірлік өнімнің 10,2%-ын құрайтын өңір экономикасында агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) маңызды рөлге ие. Ол өрік, алмұрт өндірісінде басты орында және алма, жүгері, соя, жүзім, картоп және күріш бойынша екінші орын алады. Сондай-ақ егіс алқаптарын 461,6 мың гектарға дейін өсіру жоспарда бар. Мұндай нәрсе өнімділікті арттыруға және шаруашылықты әртараптандыруға септігін тигізеді.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту нарықта орнықтылық пен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ете отырып, өңірлік экономиканың басымдығы болып табылады. Болашақ жоспарлар өндірістік қуаттылықты одан әрі кеңейтуге, инфрақұрылымды жақсартуға және ауылшаруашылығы өндірушілерін қолдауға бағытталған.












