Жүлделі орыннан көрінді

Жүлделі орыннан көрінді
Әр жылдың мамыр айының соңғы жексенбісі күні республикамыз бойынша химия өнеркәсібі қызметкерлерінің төл мерекесі ретінде аталып өтіледі. Химия өнеркәсібінің үлкен ошағы Жамбыл өңірінде де бұл мереке ерекше аталып өтті.
Жыл сайынғы дәстүр бойынша осы айтулы мерекеге орай "Қазфосфат" ЖШС филиалдары арасында бірнеше спорт түрлерінен биыл да дүбірлі жарыс ұйымдастырылды. Осы жарысқа қатысқан "Қаратау" тау-кен өңдеу кешенінің спортшылары да ұйымшылдықпен қатысып өз күштерін сынаған еді. Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан 2 орын, қазақ күресінен-1,"Толағай" көңілді старт ойынынан-1, қыздар арасында садақ атудан-2, дартстан-3, армреслингтен-3 жүлделі орынға ие болды. Филиалдар арасында жалпы командалық есепте жүлделі 3-і тұғырдан көрініп 100000₸ қанжығаға байлады. Филиалдар арасындағы жарыстарда Д. Аймағанбетов, Б, Ізбасаров, Абзал Жантөреев,ҚуанышӘлімет, З. Ердешова, Ә. Мейірбекова, Ә. Жатқанбай, А. Әлқуатов, Р. Кушекова, Ә. Сүйінжанова, Н. Жилина, Н. Ильясова, Э. Серікбаева, Л. Идиатова, Қажы Нурдаулет,Д.Дүйсенбин, А. Бейсенбаев және басқа да жігіттер мен қыздар белсенді, тапқыр ойындарымен көзге түсті. Кешен спортшыларын осы жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да жеңістің биік тұғырынан көрінуіне тілектестік білдіремін. Еңбектерінде табысты, отбасында қуанышты болсын!
Д.Ақділда
28.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 159
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 169
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 446
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 263

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18349
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18212
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33397
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31951
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35710