Жуалы төрінде саяхатшы Қостанайлық оқушылар

Жуалы төрінде саяхатшы Қостанайлық оқушылар
Қостанай қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары мен ұстаздары ауданға арнайы табан тіреді. Табиғаты тамсандырған киелі Жуалының төрінде орналасқан қайратты қолбасшы Бауыржан Момышұлы музейінің көз тартар тарихи құнды жәдігерлерін тамашалап, тереңірек танысты.
✔️Музей экскурсиясынан рухтық әсер алған жастар Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Барабанның сүйемелдеуімен арнайы саптық құрамда әскери сәлем жасап, пәрмен берді. Екеуара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандум жасалып қол қойылды.
✔️Саяхат барысы Баукең басқан құнды жерлерді аралаумен жалғасты. Алғаш кіндік қаны тамған киелі мекені Орақбалға ауылындағы Момыш бұлағын тамашалап, батыр Баукең жырына қосқан «Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай. Ішсем суы татиды шекер, балдай...» деген өлең жолдарын оқушы жастар жарыса жеткізді. «Қадірі артқан қолбасшының есімімен мақтанамыз!» деп, жүрекжарды лебіздерін арнады.
Жуалы ауданы әкімдігі
02.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 151
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 163
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 440
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 263

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18344
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18206
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33392
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31945
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35704