Жетісуда әскерге барғанына үш ай болған сарбаз көз жұмды

Жетісуда әскерге барғанына үш ай болған сарбаз көз жұмды

Жетісу облысында әскерге аттанғанына үш ай болған сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі Әмір Байтұрғановтың менингиттен кенет қайтыс болғанын мәлімдеді. Алайда марқұмның туыстары оның ауырып өлгеніне сенбей отыр. Айтуларынша, жас жігіт бірнеше апта бойы бүйрегі ауырғанына шағымданып, тиісті ем қабылдамаған.

«Түнгі сағат 03:00-де әскери бөлімнен қоңырау шалынды. Олар сіздің ұлыңыз ес-түссіз жатыр деп хабарлап, менің бөлімге дереу келуімді сұрады. Сол күні таңғы сағат 06:20-да ұлым есін білмей көз жұмды»,— дейді марқұмның әкесі Мұрат Байтұрғанов.

Бас әскери-медициналық басқарма басшысының орынбасары Берік Ілиясов Әмірдің өрт сөндіру жаттығуларынан кейін өзін нашар сезінгенін, сол күні дене қызуы көтеріліп ауруханаға түскенін айтты.

«Кешке қарай науқастың жағдайы нашарлады. Дене температурасы экстремалды деңгейге дейін көтерілді. Осыдан кейін науқас орталық облыстық ауруханаға жеткізілді. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлімнің алдын ала себебі жедел жұқпалы ауру, менингит екені анықталды»,—деді ол.

Сарбаздың туысқандары өлімнің бұл нұсқасына сенбейтіндерін жеткізді.

Бұған дейін ол бүйрек ауруы бойынша медициналық бөлімшеге бірнеше рет жүгінген. 28 қарашада ультрадыбыстық зерттеу жүргізу үшін бөлімнің медициналық қызмет басшысына хабарласқан. Тек 6 желтоқсанда олар қалаға барып,УДЗ-ге түсіп, екі жақты пиелонефрит диагнозын қойды. Оны сол күні-ақ бірден әскери госпитальға жатқызғанымен, 3 күннен кейін шығарып жіберді»,—деп түсіндірді Мұрат Байтұрғанов.

Туыстары жас жігіт созылмалы пиелонефриттен көз жұмды есептеп отыр. Алайда Қорғаныс министрлігі бүйрек ауруы мен өлім арасындағы байланысты жоққа шығарады.

«5 желтоқсанда жасалған сот-медициналық деректерге сәйкес және аурудың тарихын зерттей келе, өлім себебі арасында еш байланыс жоқтығын көрсетеді»,—деді Берік Ілиясов.

Марқұмның әкесі Бас прокуратураға тергеу барысын ерекше бақылауға алуды сұрады.

"Адырна" ұлттық порталы
06.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Иран МАГАТЭ-ні неге айыптады?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 09.10.2025 88
ЖЕҢІМПАЗҒА КӨЛІК сыйға тартылды
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 09.10.2025 91
АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 281

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18500
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18363
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33546
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32096
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35868