Жерлесіміз үздік атанды

Жерлесіміз үздік атанды
Қасиетті Құлан жері тума таланттарға бай өлке. Аталмыш киелі топырақтан талай спорт саңлақтары да, күміс көмей әншілер де, мың бұралған бишілер де шығып келеді. Қуантатыны сол, аға буынның ізін өскелең ұрпақ лайықты түрде жалғап келеді. Соның бірі — Досхан Айтқұлов. Досхан жуырда ғана тарихы тереңде жатқан Түркістан жеріне барып, республикалық «Яссауи оқуларынан» бас жүлде иеленді. Ол Яссауидің 40 хикметін жатқа айтып, Қазақстан тарихы бойынша қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берген. Осылайша ол еліміз бойынша қатысқан 75 оқуышыны артқа тастап, үздік атанды. Дарынды әрі талантты жерлесімізді және оның жетекшісі Ахметбекова Назгүл Асқарбекқызын шын жүректен құттықтаймыз.
Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі
18.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 179
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 194
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 461

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18370
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18232
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33420
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31972
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35735