ЖЕРЛЕСІМІЗ КОМПОЗИТОРЛАР БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ

ЖЕРЛЕСІМІЗ КОМПОЗИТОРЛАР БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ
Күні кеше ғана жерлесіміз, әнші, композитор Ербосын Қасымбек Абай облысында өткен композитор Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған республикалық композиторлар байқауына қатысып, бірінші орынды қанжығасына байлаған болатын.
Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан 50-ге жуық кіл мықтылардың ішінен дара шығып, Шу ауданынан бөлек, Жамбыл облысының намысын қорғап, үздік атанған жерлесімізді аудан әкімі Сәкен Арубаев арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтады. Бұған дейін де көптеген республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген Ербосынды шулықтар композитор әрі дәстүрлі әнші ретінде де жақсы таниды.
Сәтін салса, жерлесіміз алдағы наурыз айында Абай облысында өтетін «Толағай таланттар» атты халықаралық композиторлар байқауында бақ сынамақ. Аудан басшысы Ербосын Қасымбекке алдағы додаларда үздіктер қатарынан көрінуіне тілектестігін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
Шу ауданы әкімдігі
15.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 221
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 233
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 494

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18420
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18277
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33466
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32017
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35784