«Жас Барыс» облыстық турниріне аудандық іріктеу жарысы өтті.

«Жас Барыс» облыстық турниріне аудандық іріктеу жарысы өтті.
Жамбыл ауданы Аса ауылында орналасқан дене шынықтыру сауықтыру кешенінде қазақ күресінен «Жас Барыс» облыстық турниріне аудандық іріктеу жарысы өтті.
📍 Ұлттық спортымызды дамыту мақсатындағы «Жас Барыс» аудандық іріктеу жарысының ашылу салтанатында Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Джанузаков құттықтау сөз сөйлеп, палуандарға сәттілік тіледі.
📍 Боз кілем бәсекесінде 200-ден астам жас балуандар 30 салмақ дәрежесі бойынша жасөспірімдер белдесті.
📍 Жарыста ауылдық іріктеулерде финалға шыққан балуандар бақ сынады. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарыста әрбір балуан аудан деңгейінде «Жас Барыс» атануға барын салды. Дегенмен, аудандағы кілең «сен тұр, мен атайын» дейтін балуандардың арасынан бабы мен бағы келіскендер ғана жеңіске жетті.
📍 Жарыс нәтижесіне сәйкес әрбір жас ерекшеліктері бойынша жеңіске жеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар салтанатты жағдайда тапсырылды.
📍Жарыс жеңімпаздары «Жас Барыс» республикалық турниріннің Жамбыл облыстық іріктеу жарысында аудан намысын қорғайтын болады.
Жамбыл ауданы әкімдігі
14.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 128
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 136
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 417
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 252

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18320
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18183
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33368
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31919
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35672