ЖАҢА МЕДИА ТЫНЫСЫ

ЖАҢА МЕДИА ТЫНЫСЫ

Қазіргі қоғамды ақпаратсыз көзге елестету мүмкін емес. Таңымызды жаңалықпен ашып, күнімізді әлеуметтік желідегі жаңғырықпен аяқтаймыз. Ақпарат өміріміздің тамырына айналды. Ал сол ақпаратты өндіруші де, таратушы да, бағалаушы да – бүгінгі жастар. Демек, журналистиканың бүгінгі серіктесі де, ертеңгі иесі де – жаңа буын.

 

Бұрын жаңалықты тек газет бетінен немесе теледидардан ғана білетін едік. Қазір бір сәтте TikTok-тағы қысқа бейне, Instagram-дағы пост немесе X (Twitter)-тегі ой қоғамда үлкен резонанс тудырып, ел назарын өзіне аудара алады. Бұл құбылыс бір қарағанда ойын секілді көрінгенімен, шындығында, ол – жаңа медиа дәуірінің бастамасы, жастардың ақпарат кеңістігіндегі белсенділігінің көрінісі.

Бүгінгі жас – тек оқырман емес, контент жасаушы. Ол оқиғаларды басқа көзбен көреді, қоғамдағы өзгерістерге өз үнімен үн қосады. Жастардың осы белсенділігі қазақ журналистикасына жаңа тыныс, жаңа бағыт алып келді. Олар үшін жаңалық – тек дерек емес, ол – қоғаммен диалог құра білу құралы.

Мен 1-курс студентімін. Университет табалдырығын алғаш аттаған сәттен бастап журналистиканың қызығы мен қиындығын қатар сезіне бастадым. Сабақ үстінде үйренген теория дәрісінен соң, біз өз ойымызды мақалаға айналдырамыз, жаңалықтарды сараптап, кейде жергілікті сайттарға жолдаймыз. Бұл – тәжірибе ғана емес, өзімізді нағыз журналист ретінде сезінудің алғашқы баспалдағы. Әр мақаламыз – өз жүрегіміздің соғысы, өз ойымыздың айғағы.

Жастардың журналистикаға араласуы – қоғам үшін де зор мүмкіндік. Өйткені олардың ойы батыл, сөзі ашық, көзқарасы тың. Олар көбіне үлкендер қозғамайтын тақырыптарға батылдықпен қалам тербейді: жастар арасындағы психологиялық қиындықтар, экологиялық мәселелер, білім жүйесіндегі жаңашылдықтар, әлеуметтік әділетсіздіктер. Осындай шынайы тақырыптар қоғаммен үндесіп, оқырманның жүрегіне жол табады.

Қазіргі студент-журналистер – бүгінгі күннің шағын зерттеушілері. Олар ақпаратты тек жеткізуші емес, қоғамның көңіл күйін, халықтың тынысын сезінетін айна іспетті. Жастардың қаламы арқылы өмірдің жаңа бояулары ашылып, ұлттық журналистика жаңа леппен, жаңа үнімен толығады.

Журналист болу – үлкен жауапкершілік. Бұл – тек мамандық емес, бұл – қоғам алдындағы азаматтық міндет. Ақпараттың мың құбылған әлемінде ақиқатты айту, әділдік пен шындықтың сөзін сөйлеу оңай іс емес. Бірақ мен бүгінгі жас буын осы жауапкершілікті абыроймен атқара алатынына сенімдімін. Өйткені біз үшін журналистика – жай кәсіп емес, ол – қоғамды оятатын, санаға сәуле түсіретін күш.

Біздің буын – сөз арқылы өзгеріс жасайтын буын. Ал сол сөздің қуаты – журналистикада.

 

Диана ӘЛІБЕК,

ҚазХҚ және ӘТУ  «ФММК журналистика 122» факультетінің 1-курс студенті

10.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕҢІМПАЗҒА КӨЛІК сыйға тартылды
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 09.10.2025 44
Иран МАГАТЭ-ні неге айыптады?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 09.10.2025 47

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18473
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18337
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33519
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32069
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35837