ЖАМБЫЛДЫҚ ШАРУАЛАР «ЕГІНЖАЙ КҮНІ» СЕМИНАР-КЕҢЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

ЖАМБЫЛДЫҚ ШАРУАЛАР «ЕГІНЖАЙ КҮНІ» СЕМИНАР-КЕҢЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
Бүгін жамбылдық шаруалар ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйытқы болуымен, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті және Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен Алматы облысында өткен танаптық семинар-кеңеске қатысты. «Ғылым мен өндіріс байланысын нығайту - заман талабы» тақырыбында ұйымдастырылған семинар барысында алдымен Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының егістік алқабы таныстырылып, тәжірибе ретінде көрсетілсе, одан кейін «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ ғылыми әзірлемелерін өндіріске енгізу», «Егістік дақылдардың тұқым шаруашылығын дамыту: проблемалары және болашағы», «Жеміс және көкөніс дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту: проблемалары және болашағы», «Ауыл шаруашылығы дақылдарын кешенді қорғау іс-шаралары», «Сумен қамтамасыз етуді арттыру және суармалы жерлерді ұлғайту перспективалары» тақырыбында баяндамалар жасалып, өңірлерден келген шаруалар өзара пікір алмасты.
Сарысу ауданы әкімдігі
20.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 141
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 151
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 429
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 419

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18337
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18197
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33384
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31936
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35695