Жамбыл облысында жылына 500 мың тонна кальцийленген сода шығаратын зауыт салынуда

Жамбыл облысында жылына 500 мың тонна кальцийленген сода шығаратын зауыт салынуда

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев  «YILDIRIM» компаниясының бас директоры Исмайл Джейлан және «Qazaq Soda» ЖШС директоры Рамазан Ибраимовпен кездесті.

Кездесу барысында Сарысу ауданында кальцийленген сода шығаратын зауыттың құрылысының барысы, кездесіп отырған мәселелер мен алдағы жоспарлар талқыланды.

Айта кетейік, «Qazaq Soda» ЖШС-нің кальцийленген сода өндіретін зауытының жылдық жобалық қуаты 500 мың тоннаны құрайды десек, болашақта 1 миллион тоннаға дейін арттыру көзделуде.

Нысан құрылысына 400 миллион АҚШ доллары инвестицияланған, жоба 2025 жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі кезде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Жоба аясында 1000-нан аса адам жұмыспен қамтылады.

Исмайл Джейланның айтуынша, зауыт Қазақстанның өзін ғана емес, бірқатар көршілес мемлекеттерді кальцийленген содамен қамтамасыз етуге бағытталған.

Серіктестер бұл іске кальцийленген сода өндірісінде қолданылатын жаңа технологияларды тартуда. Сонымен қатар, заманауи өндіріс толығымен қалдықсыз жүйеде жұмыс жасайды, қалдықтар қайта өңделетін болады.

Тараптар кальцийленген сода өндіру жобасы аймаққа басқа да инвестиция тартуға мол мүмкіндік беретініне назар аударды.

Басқосуда инфрақұрылымға қатысты және өзге де мәселелер айтылды.

Облыс әкімі жергілікті билік инвестициялық жобаны жүзеге асыруда кездесіп отырған мәселелерді шешуге заң аясында жан-жақты қолдау көрсететін атап өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі
25.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 127
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 135
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 417
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 811

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18320
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18183
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33368
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31919
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35672