Жамбыл облысында «ZHEIF–2023» халықаралық инвестициялық форум өтеді

Жамбыл облысында «ZHEIF–2023» халықаралық инвестициялық форум өтеді

Ағымдағы жылдың 26-27 сәуірінде «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешенінде «Zhambyl Investment and Economic Forum-2023» халықаралық инвестициялық форумы өтеді.

Ауқымды шара туризм, өнеркәсіп, цифрландыру және ауыл шаруашылығы сияқты экономиканың түрлі салалары мен секторларында инвестициялық мүмкіндіктерді ілгерілету мақсатына негізделуде.

Оған жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнестің 700-ден астам өкілдері, инвесторлар, беделді сарапшылар мен пікір көшбасшылары, сондай-ақ, салалық министрліктердің өкілдері мен квазимемлекеттік компаниялардың басшылары қатысады.

Халықаралық инвестициялық форум кәсіпкерлер мен инвесторларға шетелдік және республикалық кәсіпорындар мен ұйымдармен байланыс орнату, бизнес қауымдастық арасында байланыс орнату және әлеуетті инвестициялық мүмкіндіктерді зерделеу үшін бірегей платформа ұсынады.

Сонымен қатар, форум қонақтары көрнекті бизнес көшбасшылары және мемлекет қайраткерлерімен өтетін түрлі тақырыптар бойынша панельдік пікірталастарға қатыса алады.

«ZHEIF–2023» халықаралық инвестициялық форумы – Жамбыл облысының қолайлы инвестициялық ахуалын дамытуға ықпал етуге бағытталған.

Айта кету керек, әрбір бизнес өкілінің осы іс-шараға қатысуы өз ісіне тиімді және пайдалы мүмкіндіктер мен жолдар ашатынына сенімдіміз.  «ZHEIF–2023» халықаралық инвестициялық форумына баршаңызды қатысуға шақырамыз!

Іс-шара туралы қосымша ақпарат алу және мүше ретінде тіркелу үшін zheif2023.kz веб-сайтына өту қажет.

Жамбыл облысының әкімдігі
19.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 176
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 190
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 458

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18365
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18228
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33415
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31968
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35730