Жамбыл облысында жаңадан туған нәрестелерге қойылған ең танымал есімдер аталды

Жамбыл облысында жаңадан туған нәрестелерге қойылған ең танымал есімдер аталды
2024 жылдың өткен 9 айында Жамбыл облыстық АХАТ бөлімінде 7966 туу туралы акт жазбалары тіркелген. «Азаматтарға арналған үкімет» Филиалының хабарлауынша, жаңа туған ұлдар арасында- Айсұлтан есімі, қыз балалар арасында - Асылым есімдері танымал болған.
Айта кетейік, биылғы жылы өңірде Айсұлтан есімімен 189 ұл бала тіркелді. Мұхаммед есімімен 182 бала тіркелсе, үшінші орынға аз ғана айырмашылықпен Мухаммад есімді 180 бала жайғасты.
Ал қыз балалар арасында танымал есімдер – Асылым (290), Медина (287) және Айлин (280).
Жаңа туған нәрестелер арасында Алихан, Алдияр, Амир, Омар, Айша, Айым, Аяла, Айкөркем есімдері де жиі кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, баланың тууын тіркеуге өтініш берудің бірнеше тәсілі бар: ХҚКО арқылы, электронды үкімет порталы арқылы немесе екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы. Сонымен қатар, азаматтарға баланың тууын проактивті форматта тіркеу қызметі де қолжетімді. Яғни, бала туғаннан кейін бір тәулік ішінде баланың анасына қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында кезең-кезеңмен сұрату арқылы 1414 нөмірінен құттықтау SMS-і келеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалының PR-менеджері
09.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 32
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 44
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 362
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 206

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18265
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18122
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33312
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31866
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35600