Жамбыл облысында жаңа ауылдық мәдениет үйі пайдалануға берілді

Жамбыл облысында жаңа ауылдық мәдениет үйі пайдалануға берілді

Жамбыл облысы Байзақ  ауданындағы Тегістік ауылында 90 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға көпшілікпен бірге облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысты.

Өз кезегінде министр ауылдықтарды қуанышымен құттықтап, өңірде мәдени нысандардың жыл санап артып келе жатқандығын, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын айрықша атап өтті.

Сондай-ақ, ауыл тұрғыны Мұхаметжан Садырқұлов тегістіктердің атынан ризашылығын жеткізіп, жаңа нысан ел игілігіне қызмет ететіне сенім білдірді.

Қонақтар мәдениет үйін аралап, кітапханамен танысты. Айта кетейік, бүгінде облыс көлемінде мәдениет саласында 500-ден аса нысан халыққа қызмет көрсетуде десек, саланы дамыту үшін ағымдағы жылы 11,9 миллиард теңге қаралған.

Халықтың мәдени-рухани сұранысын қанағаттандыру мақсатында өткен жылы облыс көлемінде 4 нысанның құрылысы жүріп, 32 мәдениет нысаны күрделі және ағымдағы жөндеуден өткен. Биыл 14 мәдениет нысанның құрылысына бюджеттен 1,4 миллиард теңге қаржы қаралса, оның 9-ы жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 21 мәдениет нысаны күрделі және ағымдағы жөндеуден өтеді.

Қазіргі таңда Байзақ ауданындағы 47 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. Аудандағы 109 үйірмеге 1 313 адам тартылған. Барлық кітапханалар 100 пайыз интернетке қосылған.

Жамбыл облысы әкімдігі
30.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 159
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 169
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 446
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 263

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18349
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18212
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33397
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31951
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35710