Жамбыл облысында биыл 106 тұрғын үй асар әдісімен салынады

Жамбыл облысында биыл 106 тұрғын үй асар әдісімен салынады

Жамбыл облысында ағымдағы жылы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында баспанаға мұқтаждар үшін 106 тұрғын үйдің құрылысы жүреді.

Атап айтсақ, облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, Тараз қаласында 10, Байзақ ауданында 10, Жамбыл ауданында 8, Жуалыда 10, Меркіде 10, Мойынқұмда 6, Қордайда 15, Сарысуда 8, Таласта 9, Шуда 9, Т.Рысқұлов ауданында 11 үй салынады деп жоспарланған.

Оның ішінде 69 жаңа құрылыс, 24 күрделі жөндеу және 13-і сатып алу арқылы жүзеге аспақ.

Осыған орай, облыс әкімі Нұржан Нұржігітов 2020 жылы басталған жобаның негізгі тәрбиелік мәнін назарда ұстау керектігін баса айтып, жауаптыларға нақты міндеттер жүктеген болатын.

«Асарлатып үй салу» жобасының басты мақсаты - ауыл жұртшылығын жанашырлық пен бірлікке жұмылдырып, сол арқылы жас ұрпаққа өнеге көрсете отырып, әлеуметтік осал топтағы, көп балалы отбасылар мен мұқтаж жандарға үй соғып беру.

Жалпы, бұл жоба бойынша 2020-2022 жылдар аралығында 338 отбасы баспанамен қамтылған.

Нақтырақ айтсақ, 2020 жылы 99 тұрғын үй, 2021 жылы 134,  2022 жылы 105 үй тапсырылған.

Жамбыл облысы әкімдігі
18.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 179
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 194
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 461
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 450

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18370
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18232
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33420
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31972
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35735