ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 2 ЖЫЛДА 306 СУ НЫСАНЫНА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 2 ЖЫЛДА 306 СУ НЫСАНЫНА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Жуырда Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жер қатынастары, табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария және туризм салаларында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Қанатбек Қайшыбекұлы алдымен ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарға, алдағы ауқымды жоспарларға тоқталды. Баяндамашының айтуынша, облысымызда суармалы алқаптарды қалпына келтірудің жол картасы әзірленген. Бүгінгі таңда облыстың суармалы жерінің көлемі 179,2 мың гектарды құрайды. Оның 55,2 мың гектары тиісті нормативтерге сәйкес сумен қамтамасыз етілсе, 47 мың гектар алқап 30-40 пайыз деңгейде қамтылған. Қалған 77 мың гектар тәліми алқап ретінде пайдаланылуда.

–Халықаралық қаржы институттары («Еуропа қайта құру және даму банкі» мен «Халықаралық қайта құру және даму банкінен») арқылы 35,0 миллиард теңге қаржы бөлініп (13,9 миллиард теңге игерілді), 25,0 мың гектар суармалы алқап қалпына келтірілді (жоспар 69,1 мың гектар).

2022-2024 жылдары 306 су нысанына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 55,0 мың гектар алқапты айналымға қосу көзделген. Оның ішінде 183 каналды ПУИД-3 бағдарламасына енгізу арқылы қайта жаңғырту көзделуде, – деді Қанатбек Қайшыбекұы.

arainfo.kz
15.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 221
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 232
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 494

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18420
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18277
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33465
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32016
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35784