Жамбыл ауданында қоғамдық көліктер пайдалануға берілді

Жамбыл ауданында қоғамдық көліктер пайдалануға берілді

Жамбыл облысы Жамбыл ауданына қарасты шалғай ауылдардағы тұрғындардың өтініші бойынша қоғамдық көлік мәселесі шешімін тапты.

Ауданда «Сеңгірбай-Аса», «Ерназар-Аса», «Шоқай-Аса» бағытында қатынайтын үш қоғамдық көлік пайдалануға берілді.

Ендігі кезекте Сеңгірбай, Шайдана, Ащыбұлақ, Тастөбе, Еңбек, Рахат, Ерназар, Өрнек, Жұма, Құмтиын, Шоқай, Бірлесу-Еңбек ауылдарының тұрғындары аудан орталығы Аса ауылына қоғамдық көлікпен қатынайтын болады.

- Шалғай ауылдарда тұратын тұрғындар аудан орталығына қатынау қиынға соғатынын көтеріп келген. Біз өз тарапымыздан тиісті жұмыстар жүргізіп, қоғамдық көлік мәселесін шешіп бердік. Қозғалыс кестесін бекіттік. Кестеге сәйкес, шалғай ауылдардағы тұрғындар Аса ауылына тұрақты түрде қатынай алады, – деді аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Нұрлан Несіпбеков.

Жамбыл облысы әкімдігі
01.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 151
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 163
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 440

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18344
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18206
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33392
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31945
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35704