"Жайдарлы Жайдарман"

"Жайдарлы Жайдарман"

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығы және «Жайдарлы» жастар КВН лигасының ұйымдастыруымен Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде  Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты ректоры кубогі үшін колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында ашық жайдарман ойыны өтті.Сайыста Жамбыл облысы мен Тараз қаласының мектеп және колледж білімгерлерінен құралған 10 команда өнер көрсетті.

Ойын қорытындысы бойынша 1 орын және ректор кубогының Қазақ-Түрік лицейінің «Сүлейменов 19» құрамасы, 2 орын және 50% жеңілдікті Меркі ауданынан келген «Меркістан» құрамасы, 3 орын және 25% жеңілдікті Байзақ ауданынан келген «Аказаки» құрамасы жеңіп алды. Жеңімпаздарға институт атынан бір жылдық оқу ақысына жеңілдіктер мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қатар, «Ең үздік ойыншы» номинациясын Жаңатас қаласынан келген «Жаңа Париж» командасының ойыншысы Нұрсұлтан Андрекбаев жеңіп алса, «Ең үздік әзіл» номинациясын 34 мектептен келген «Cotton Candy» құрамасы жеңіп алып, қаржылай марапатталды.

Аталмыш жарыс барысында жайдарманшылар арасында футболдан тартысты ойын, институт тарапынан түрлі бейресми шаралар ұйымдастырылды.

 

Мұрат Жұмағұлов
31.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 159
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 169
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 446
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 263

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18349
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18212
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33397
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31951
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35710