Тұсаукесер тойын жасау үшін қанша қаражат кетеді?

Тұсаукесер тойын жасау үшін қанша қаражат кетеді?

Тұсаукесер тойының шығыны көптеген факторға: қонақтардың саны, дастарқан мәзірі, рәсімнің салтанатты деңгейі, орын таңдау және қосымша қызметтерге байланысты өзгеріп отырады. 

Дастарқан мәзірі

Үйде өткізетін болып, 10-15 қонаққа үйде дастарқан жайсаңыз, азық-түлікке шамамен 50 000-100 000 теңге кетеді.

Мейрамханада өткізетін болсаңыз адам басына орташа есеппен 6 000-15 000 теңге шығады. Мысалы, 30 адамға дастарқан жайсаңыз, шамамен 180 000-450 000 теңге қажет.

Тұсаукесер рәсімі

Тұсаукесер тойы – қазақ халқының дәстүрлі және маңызды отбасылық мерекелерінің бірі. Бұл – бала алғашқы қадамдарын басып, жүруге талпыныс жасаған кезде өткізілетін салттық рәсім.

Тұсаукесетін ала жіп: 1 000-5 000 теңге. Бала жүріп өтетін ақ кілем 10 000-15 000 теңге. Ұлттық киім: 10 000-30 000 теңге. Сондай-ақ тұсау кесетін адамға той иесі шамасына қарай сыйлық жасайды.

Қосымша шығындар

Музыка, фотограф немесе видео түсіру: 50 000-150 000 теңге. Сыйлықтар мен тойбастар: қонақтарға арналған шағын сыйлықтарға шамамен 20 000-50 000 теңге кетуі мүмкін.

Жалпы шығын

Егер үйде қарапайым түрде жақын туыстарыңызбен өткізсеңіз, 70 000-150 000 теңге жетеді. Орта деңгейде: мейрамханада 30-50 қонақ шақырсаңыз, 300 000-500 000 теңге. Салтанатты түрде: ауқымды тойханада жасайтын болсаңыз 600 000-1 000 000 теңге немесе одан да жоғары болуы мүмкін.

Тұсаукесер тойының бюджеті отбасының қаржылық жағдайына және салт-дәстүрге деген көзқарасына байланысты реттеледі. Егер шығынды қысқартқыңыз келсе, үй жағдайында өткізіп, жақын адамдарды ғана шақырған жөн.

Айгүл Ысқақ
06.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 206
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 220
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 485

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18403
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18264
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33451
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32002
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35770