ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан қаласында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, азық-түлік тауарлары жеңілдетілген бағада саудаланды. Жәрмеңке 1 мөлтек тұрғын ауданында өтіп, онда көкөністер, ет және сүт өнімдері, дәнді дақылдар ұсынылды. Жалпы 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар тауарлар қолжетімді бағада саудаланды.
Атап айтқанда жұмыртқа данасы – 40 теңге, ас тұзы – 45 теңге, бөлке нан– 70 теңге, картоп, сәбіз – 100 теңге, І сұрыпты бидай ұны – 190 теңге, қарақұмық жармасы – 220 теңге, сүт – 260 теңге, күнбағыс майы – 520 теңге, сиыр еті – 2000 теңгеден саудаланды.
«Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ бастамасымен жыл бойы дәстүрлі түрде өткізілген жәрмеңкелер бағаны тұрақтандыруға тікелей ықпал етті.
Айта кетейік, биыл Түркістан, Кентау қалаларында 180 рет азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Ұйымдастырушылар келесі жылы да көшпелі жәрмеңкелерді өткізу жоспарда бар екенін жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
28.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 208
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 223
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 487

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18408
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18268
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33455
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32008
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35774