"Туризм, сауда және қызмет көрсету" кеңесінің кезекті отырысы өтті

"Туризм, сауда және қызмет көрсету" кеңесінің кезекті отырысы өтті
Кеше Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында облыс әкімінің орынбасары Қ.Қ.Мәдібек төрағалығымен "Туризм, сауда және қызмет көрсету" кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста, Жамбыл туристік индустрия қауымдастығының өкілі В. Батуева - Шу ауданының аумағында орналасқан археология ескерткіші - Баласағұн қалашығына(VI-XIII ғғ.) қатысты проблемалық мәселені көтерді, онда лайықты инфрақұрылымның болмауына байланысты туристердің археология ескерткішіне баруы қиын екендігін айтып өтті.
Сондай-ақ, Тараз қаласында жастар туризмін дамыту барысында, Орал қаласы мысалында, балалар мен жасөспірімдер туризмі станциясының жоқтығы туралы мәселені айтып өтті.
"Қаралма" ЖШС директоры Б.Т. Махатова туристік нысан – "Тобышақты" этноауылын құру мәселесін көтерді, ол кешеннің асыл тастарының біріне айналуы мүмкін екендігін, сондай-ақ, оны Жуалы ауданында – облысымыздың ең әдемі жерлерінің бірі, тау шаңғысы базасымен қатар жүзеге асыруға болатынын ұсынды.
Отырыс қорытындысы бойынша барлық проблемалық мәселелер облыс әкімінің орынбасары хаттамасына енгізіліп, салалық ЖАО-ға проблемалық сұрақтарды шешу бойынша ұсыныс беру туралы тапсырма берілді.
***
Еркин Атымтаев, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры
01.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 151
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 163
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 440
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 263

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18344
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18206
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33392
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31945
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35705